+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУДА
Новости 25 июня 2026

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУДА

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУДА

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУДА «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, денсаулығын…

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУДА

«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, денсаулығын нығайту және сапалы демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Жазғы сауықтыру маусымы аясында филиалға қарасты кәсіподақ мүшелері еліміздің көрікті шипажайларында тынығып, денсаулықтарын нығайтуда.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласының білім саласы қызметкерлері кәсіподақтың қолдауымен «Айша-Бибі», «Жаркент-Арасан», «Текелі» және «Қаратал» шипажайларында демалуда.

Шипажайларда ұсынылатын емдік және сауықтыру шаралары ұстаздардың денсаулығын жақсартып, бір жылдық қажырлы еңбектен кейін күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік беруде. Мұндай қолдау кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етумен қатар, олардың еңбекке деген ынтасын арттыруға, жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен дайындалуына оң ықпал етеді.

Бүгінде шипажайларда тынығып жатқан әріптестерімізден келіп жатқан жылы лебіздер мен ризашылық сөздер кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан игі істердің нақты нәтижесін көрсетеді. Ұстаздардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мұндай бастамалар кәсіподақ ұйымының басты назарында болып қала береді.

Талдықорған қалалық филиалы алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қолдауын күшейту, сауықтыру және демалыс бағдарламаларын жүйелі түрде жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Ұстаздардың денсаулығын нығайту және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі.

Кәсіподақ ұйымы ұстаздар қауымының игілігі жолындағы жұмыстарын одан әрі жандандырып, сала қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.

 

Жетісу облысы, Талдықорған қалалық филиалы

Все новости

Читайте также

  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА
    Новости

    ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

    03.08.2026
  • КӘСІПОДАҚ КӨМЕКТЕСТІ: ЕСЕПШІ МАМАНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ
    Новости

    КӘСІПОДАҚ КӨМЕКТЕСТІ: ЕСЕПШІ МАМАНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

    31.07.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности