+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТАЛДЫҚОРҒАНДА САЛА АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 25 июня 2025

ТАЛДЫҚОРҒАНДА САЛА АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА САЛА АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА САЛА АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы мен «Оқу-ағарту, бюджеттік  ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара…

ТАЛДЫҚОРҒАНДА САЛА АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы мен «Оқу-ағарту, бюджеттік  ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморнадум жасаған болатын.  Осы бағытта қос тарап бүгін сала ардагерлерінің басын қосты.

Талдықорған қаласындағы Ардагерлер үйінің мәжіліс залында өткен жиынға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің штаттан тыс кеңесшісі Бөрібеков Қадырбек  Қозыбайұлы, Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымов Қайрат Саханұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары   Серғазинова Райхан Қапышқызы, Талдықорған қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Керімбеков Ақшабай  Дүйсенбекұлы және ардагер ұстаздар қатысты.

Жиынды облыстық кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары Болат Тұрысбеков ашып, шараның мәні мен мағынасын айтып, ардагерлерге қажетті ақпараттармен бөлісті.

ҚР Оқу-ағарту министрінің штаттан тыс кеңесшісі Бөрібеков Қадырбек  Қозыбайұлы шара барысында сөз алып, республика көлемінде жүргізілген жұмысты баяндап, ардагер ұстаздардың ұрпақ сабақтастығына баса мән беріп, білім беру мекемелеріне барып, тарих, салт-дәстүрді дәріптеу жұмысына белсене араласуға шақырды.

Кездесу барысында ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы озық тәсілдері жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ардагерлерге жасалып жатқан қолдау мен қамқорлық үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Шара соңында қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, болашақта осындай кездесулерді жиі өткізу туралы ұсыныстар айтылды. Бұл басқосу — ардагер ұстаздар мен жас мамандардың арасындағы сабақтастықты нығайтып, білім саласының дамуына қосқан үлестерін бағалаудың бір көрінісі болды.

Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности