+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕ…
Новости территориальных организаций 28 января 2026

ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ ​Бүгін «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы және облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер- кеңесшісі…

ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

​Бүгін «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы және облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер- кеңесшісі Қайырхан Әсет «Талдықорған қаласының №1 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» КММ-не арнайы барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу еркін әрі ашық форматта өтіп, тараптар арасында мазмұнды диалог орнады.

Жиын барысында мекеме директоры Балжан Оналбекова еңбек заңнамасының сақталуы, ұжымдық келісім шарттың орындалуы және қызметкерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының маңыздылығына тоқталды. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, нақты сұрақтар қойды.

Кездесу барысында Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы кәсіподақтың еңбек ұжымы үшін атқарып отырған жұмыстары, кәсіподақ мүшелеріне берілетін мүмкіндіктер мен қолдау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл мәліметтер педагогтар үшін пайдалы әрі өзекті болды. Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер кеңесшісі Қайырхан Әсет еңбек құқықтары, еңбек шартын жасасу тәртібі, еңбекақы төлеу мәселелері және әлеуметтік кепілдіктер бойынша кеңінен түсіндірме жүргізді.

Кәсіподақ өкілдері әрбір сұраққа жауап беріп, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Мұндай кездесулер еңбек ұжымындағы өзара сенім мен түсіністікті нығайтып, әлеуметтік әріптестікті дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытты да қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Кездесу ұжым мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайтып, алдағы жұмыстарға серпін берді. Осында шаралар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттырып, бірлескен жұмыстың нәтижелі болуына ықпал етеді.

 

Жетісу облысы, Талдықорған қалалық филиалы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности