+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › «ТАЛАНТТЫ АРДАГЕР – ТАЛАПТЫ ЖАС ҰСТАЗ»: ҰРПАҚТАР С…
Новости территориальных организаций 15 апреля 2026

«ТАЛАНТТЫ АРДАГЕР – ТАЛАПТЫ ЖАС ҰСТАЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ФЕСТИВАЛЬ.

«ТАЛАНТТЫ АРДАГЕР – ТАЛАПТЫ ЖАС ҰСТАЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ФЕСТИВАЛЬ.

«ТАЛАНТТЫ АРДАГЕР – ТАЛАПТЫ ЖАС ҰСТАЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ФЕСТИВАЛЬ. Бүгін Абай облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Талантты ардагер – талапты жас ұстаз» атты ерекше фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл…

«ТАЛАНТТЫ АРДАГЕР – ТАЛАПТЫ ЖАС ҰСТАЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ФЕСТИВАЛЬ.

Бүгін Абай облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Талантты ардагер – талапты жас ұстаз» атты ерекше фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл тағылымды шара – тәжірибелі ардагер ұстаздар мен білім саласына жаңадан қадам басқан жас мамандардың басын қосқан, рухани сабақтастықты дәріптеген маңызды мәдени-әлеуметтік оқиға болды.

Фестиваль Абай облысының білім басқармасы мен ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Абай облысының кәсіподақ ұйымы демеушілігімен өтті. Бұл қолдау шараның мазмұнын байытып, оның жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты.

Салтанатты кештің ашылуында жүргізушілер Тәуелсіздіктің 35 жылдығы – ел тарихындағы маңызды белес екенін атап өтіп, бұл мерекенің ұлтты біріктіретін құндылық екенін ерекше жеткізді.

Шараға елімізге танымал өнер және қоғам қайраткерлері арнайы қатысып, кештің мәртебесін арттырды. Олардың қатарында композитор, Қазақ өнерінің қайраткері Кентау Назарбек, Шалқар Тұрсынғазыұлы, Тұрсынғазы Рахимовтың ұлы,  Үміт Сыбанова және өңір басшылары мен зиялы қауым өкілдері болды.

Фестивальдің ашылу рәсімінде Абай облысының кәсіподақ үйымының төрағасы Ибраев Сабит Молдатьянович құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар қауымының ел болашағын қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Алин Мұрат Сейсенұлы да жүрекжарды тілегін білдіріп, ұрпақтар сабақтастығының маңызын атап өтті.

Фестиваль барысында қатысушылардың шығармашылық деңгейі, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Қазылар құрамында білім және мәдениет саласының тәжірибелі мамандары болды.

Қорытынды бөлімде жеңімпаздар марапатталып, үздік өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

«ТАЛАНТТЫ АРДАГЕР – ТАЛАПТЫ ЖАС ҰСТАЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ФЕСТИВАЛЬ.
«ТАЛАНТТЫ АРДАГЕР – ТАЛАПТЫ ЖАС ҰСТАЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ФЕСТИВАЛЬ.
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности