+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › СПАРТАКИАДА - 2026 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!
Новости территориальных организаций 03 мая 2026

СПАРТАКИАДА - 2026 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

СПАРТАКИАДА - 2026 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

СПАРТАКИАДА - 2026 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ! Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған XIII облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Финалдық…

СПАРТАКИАДА - 2026 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған XIII облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Финалдық кезеңде 6 команда - Өскемен, Тарбағатай, Күршім, Зайсан, Ұлан және Алтай кәсіподақ ұйымдары волейболдан бақ сынасты.

Волейбол додасының нәтижелері:

І орын: Өскемен қаласы;

ІІ орын: Тарбағатай ауданы;

ІІІ орын: Зайсан ауданы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Дипломдармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Ерекше шеберлігімен көзге түскен спортшыларымыз арнайы кубоктар мен ақшалай сертификаттарға ие болды:

«Үздік байланыстырушы» - Беқарыс Қайратұлы (Зайсан ауданы);

«Үздік шабуылшы» - Біржан Оспанов (Өскемен қаласы).

Спартакиаданың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинап, топ жарғандар:

І орын: Ұлан ауданының командасы;

ІІ орын: Өскемен қаласының командасы;

ІІІ орын: Зайсан ауданының командасы.

Жеңімпаз командаларға дипломдар мен арнайы кубоктардан бөлек, 45 адамға Алакөл демалыс базасына жолдама (сертификаттар) табысталды!

Спорттық шараның өтуіне қолдау көрсеткен серіктестерімізге алғысымыз шексіз: Ф.Құрмановқа, «Абай атындағы ШҚ жоғары педагогикалық колледжі» директоры); Ж.Даутоваға, колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы); И.Грачеваға, Өскемен қаласы №37 көпсалалы орта мектебінің директоры.

Барлықтарыңызға белсенділік танытып, намысқа тырысқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ұстаздық ете жүріп спортпен шұғылданған әр адамға бере бермейтін ерекше қасиет пен үлкен жауапкершілік. Сіздер тек шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауда да алдыңғы қатарда екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер.

Шаршағанға бой алдырмай, жұмыстан кейін алаңға шығып, команданың намысын қорғау нағыз қайсарлықтың белгісі. Бұл дода тек мықтыны анықтап қана қоймай, әріптестер арасындағы сыйластық пен ауызбіршілікті нығайта түсті.

Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз - өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, шәкірттеріңізге берілген ең үздік тәрбие. «Спорт - денсаулық кепілі болса, ал ұстаздық - елдің болашағы». Сіздер осы қос ұғымды қатар алып жүрген нағыз заманауи тұлғасыздар!

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ал жүлделі орынға ие болмаған қатысушыларға айтарымыз: сіздердің жарысқа қатысуларыңыздың өзі үлкен жеңіс. Әрқашан биіктен көрініп, еңбекте де, спортта да табысты болыңыздар!

 

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

СПАРТАКИАДА - 2026 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!
СПАРТАКИАДА - 2026 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности