+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕ…
Новости 11 февраля 2025

СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ

СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ

СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ Бүгін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен делегациясының Атырау облысына жұмыс сапары Махамбет ауданында…

СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ

Бүгін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен делегациясының Атырау облысына жұмыс сапары Махамбет ауданында жалғасты.

Аудандық Мәдениет үйінде Индер, Махамбет және Исатай аудандарының білім бөлімдері басшылары, мектеп директорлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының бухгалтерлері қатысқан семинар өтті.

Кездесу барысында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева кәсіподақ қызметі туралы жан-жақты ақпарат беріп, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау, сондай-ақ білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Айгүл Мұқашева кәсіподақ қозғалысын одан әрі нығайтуда және саланың өзекті мәселелерін шешуге кәсіподақ мүшелерінің белсенділігінің маңыздылығын атап өтті.

Айгүл Мұқашева өз сөзінен кейін бірқатар педагогтарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатын және Салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталарын табыстады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасының басшысы Г. Тоқпанова педагог қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі туралы жан-жақты баяндап, жалақыны есептеу тәртібіне ерекше тоқталды.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Р. Қыдырбаева еңбек қатынастарының өзекті мәселелерін, жеке еңбек дауларын болдырмауда Келісу комиссияларының маңыздылығын атап өтті. Ол бұл комиссиялардың құрылу және жұмыс істеу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келісу комиссиялары жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінен тең негізде құрылатын тұрақты жұмыс істейтін орган екенін атап өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Р. Даулетова 2025 жылы педагогтарды аттестаттаудың ерекшеліктері туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында спикерлер қатысушыларға білім саласын құқықтық реттеу және сала қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Айгүл Мұқашева аймаққа жұмыс сапарын қорытындылап, мұндай әріптестік кездесулер кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізуде аса маңызды екенін атап өтті.

«Өңірге сапар барысында біз білім саласы қызметкерлерінің сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдадық. Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен ескертулерді жан-жақты қарастыратын боламыз. Семинарларға қатысып, өзекті мәселелерді талқылауда белсенділік танытқан әріптестерімізге шынайы алғысымды білдіремін», – деді ол.

Семинар қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өткізілген іс-шаралардың жоғары практикалық маңыздылығы мен нәтижелілігін атап өтті. Көптеген мамандар алған білімдері мен дағдыларын кәсіби қызметінде тікелей қолданатындықтарын айтып, бұл жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететінін ерекше атап өтті.

 

 

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі

СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
СОЦИАЛЬНОЕ ПАРТНЕРСТВО – ЭФФЕКТИВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ
1 / 8
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности