+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС МАМАНДАРЫ ​КӨШБ…
Новости территориальных организаций 24 июня 2026

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС МАМАНДАРЫ ​КӨШБАСШЫЛАР АЛАҢЫНДА

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС МАМАНДАРЫ ​КӨШБАСШЫЛАР АЛАҢЫНДА Бурабай төрінде 22 маусымда жас ұстаздардың халықаралық жазғы лагері өз жұмысын бастады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Моңғолия елдерінен келген белсенді жас педагогтардың басын қосқан…

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС МАМАНДАРЫ ​КӨШБАСШЫЛАР АЛАҢЫНДА

Бурабай төрінде 22 маусымда жас ұстаздардың халықаралық жазғы лагері өз жұмысын бастады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Моңғолия елдерінен келген белсенді жас педагогтардың басын қосқан халықаралық шараға Солтүстік Қазақстан облысынан да жас мамандар қатысты.

Алмаз Мұхаметжанов – жас маман, химия және биология пәндерінің мұғалімі. Солтүстік Қазақстан университетін бітіргеннен кейін Аққайың ауданындағы Рублёвка орта мектебінде еңбек жолын бастап, қазіргі таңда сол білім ордасында қызмет атқарып келеді. Оқушыларға сапалы білім берумен қатар, кәсіподақтың жас көшбасшысы ретінде танылған. Кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға тұрақты қатысып, іскерлігімен, белсенділігімен және азаматтық ұстанымымен әріптестері арасында құрметке ие болды. Облыстық жастар кеңесінің төрағасы болып сайланған.

Сандуғаш Ізболатова – Петропавл қаласындағы «Қызмет көрсету саласының колледжі» мекемесінде әлеуметтік педагог қызметін атқарып жүрген, белсенділігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін жас маман. Қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға, жастармен жұмысты дамытуға және кәсіподақ қызметін жетілдіруге белсене атсалысып келеді.

Темірлан Жақсымбаев – Тимирязев орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі. Ол шәкірттерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыруға және жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға тұрақты қатысып, халықаралық лагерьге жолдамаға ие болды.

Лагерьдің алғашқы күні қатысушылар Networking Session аясында танысып, жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар лагерьдің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, қатысушыларға құттықтау сөздер айтылып, елдердің мәдени таныстырылымдары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, салалық кәсіподақтың облыстық ұйымдарының басшылары, кәсіподақ белсенділері мен жас ұстаздар қатысты.

22–26 маусым аралығында өтетін халықаралық лагерь жас педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасауға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға және заманауи көшбасшылар буынын қалыптастыруға бағытталған.

Халықаралық лагерь барысында қатысушылар білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.

Кәсіподақ күші – бірлікте!

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности