+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ …
Новости территориальных организаций 03 февраля 2026

ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Шалқар ауданында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының есеп беру жиыны өтті. Жиында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова…

ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

📃Шалқар ауданында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының есеп беру жиыны өтті.

✒️Жиында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, кәсіподақ қызметі Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, салалық және аймақтық келісімдер негізінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Басты мақсат – білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

🔲Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова 2025 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Аудандық кәсіподақ құрамында 67 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар, оларда 3707 кәсіподақ мүшесі біріктірілген. Оның ішінде 2824 әйел, 823-і 35 жасқа дейінгі жастар, 774 зейнеткер және 222 декреттік демалыстағы қызметкер бар.

📜Әлеуметтік әріптестік аясында Шалқар ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы арасында 2024–2026 жылдарға арналған келісім жасалып, барлық 67 білім беру ұйымында ұжымдық шарттар бекітілді. Ұжымдық шарттар еңбек инспекциясында тіркеліп, олардың орындалуына тұрақты қоғамдық бақылау жүргізілуде. Заң талаптарына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін педагогтарға коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төленді. 2025 жылы 908 педагогқа 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19 660 теңгеден коммуналдық жеңілдік берілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында медициналық тексеруден өтуге міндетті барлық педагогтар мен кіші қызметкерлер тегін тексеруден өтті. Қызметкерлердің жалақысы, еңбек демалысы мен іссапар шығындарының уақытылы төленуі кәсіподақ тарапынан бақылауда болды.

📑Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша 67 техникалық еңбек инспекторы қоғамдық негізде жұмыс атқарды. Жыл ішінде бірқатар мектептер мен балабақшаларда қоғамдық бақылау жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша мекеме басшыларына ұсыныстар берілді. Нәтижесінде еңбек шарттарының заңға сәйкестігі қамтамасыз етіліп, бірқатар қызметкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

📎2025 жылы кәсіподақ мүшелерінен 33 құқықтық сипаттағы сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 9-ы еңбекақы төлеу мәселесіне, 24-і оқу жүктемесі мен өзге де еңбек қатынастарына қатысты болды. Барлық өтініштер заң аясында қаралып, тиісті жауаптар берілді. Зейнеткерлік жасқа байланысты еңбек шарты бұзылған жағдайда төленуі тиіс өтемақылар қайта қаралып, бір қызметкерге 149 мың теңгеден астам өтемақы төленді.

🖇️Емдеу-сауықтыру және әлеуметтік қолдау шаралары да жүйелі түрде жүзеге асырылды. 2025 жылы 245 кәсіподақ мүшесі шипажайларда ем алып, демалды. Сонымен қатар 510 кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек көрсетілді. Сондай-аұ, білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, кәсіби жетістіктерімен ерекшеленген қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, 489 кәсіподақ мүшесі түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Жас мамандарды қолдау мақсатында форумдар, семинарлар мен туристік-танымдық сапарлар ұйымдастырылып, 70-тен астам жас педагог қамтылды.

☑️Айта кетейік, бүгінгі басқосуға 300-ге жуық әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ мүшелері қатысты.

✨Жиын соңында №6 орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлшат Қыраубаева «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ 15 педагог Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталып, Сарыағаш шипажайына жолдама алды. Сонымен қатар 11 білім қызметкері Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталып, Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдамаға ие болды. Есеп беру жиыны Кәсіподақ гимнін орындаумен аяқталды.

ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ШАЛҚАРДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности