+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 10 июня 2026

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ҰСТАЗ

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ҰСТАЗ

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ҰСТАЗ Білім беру саласында шәкірт жетістігін өз еңбегінің басты өлшемі санайтын ұстаздар аз емес. Солардың қатарында бастауыш сынып мұғалімі Игенбаева Ғайни Өмірғалиқызының орны ерекше. Ғайни Өмірғалиқызы – педагогикалық қызметінде білім сапасын…

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ҰСТАЗ

Білім беру саласында шәкірт жетістігін өз еңбегінің басты өлшемі санайтын ұстаздар аз емес. Солардың қатарында бастауыш сынып мұғалімі Игенбаева Ғайни Өмірғалиқызының орны ерекше.

Ғайни Өмірғалиқызы – педагогикалық қызметінде білім сапасын арттыруды, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуды басты мақсат еткен білікті ұстаз. Қазіргі таңда Жаңақорған ауданындағы №289 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етуде. Педагог-модератор санатындағы ұстаздың кәсіби шеберлігі мен нәтижелі жұмысы шәкірттерінің табыстарынан айқын көрінеді.

Игенбаева Ғайни Өмірғалиқызы 1986 жылдың 2 қарашасында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Еңбек жолын 2011 жылы С.Сапарбеков атындағы орта мектепте бастап, 2011–2024 жылдар аралығында осы білім ордасында бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. 2024 жылдан бері №289 орта мектепте ұстаздық жолын жалғастырып келеді.

Ғайни Өмірғалиқызы кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. 2024 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға бағытталған сандық білім беру ресурстары» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелік сабаққа белсенді қатысып, тәжірибелік жұмыс ұсынғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Педагогтың жетістіктері жоғары бағалануда. 2024–2025 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ орын иеленсе, 2025–2026 оқу жылында осы олимпиаданың аудандық кезеңінде І орын алды. Сонымен қатар, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2026» байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленіп, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұстаздың басты жетістігі – шәкірттерінің табысы. Өйткені әрбір жеңістің артында жүйелі еңбек, үздіксіз ізденіс және оқушыға деген шынайы жанашырлық жатыр. Ғайни Өмірғалиқызы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өз күшіне сенімін нығайтып, болашақта биік белестерді бағындыруына бағыт-бағдар беріп келеді.

Бүгінде Ғайни Өмірғалиқызы шығармашылық ізденіс пен кәсіби дамуды басты ұстанымына айналдырған, шәкірт жетістігімен танылған, білім беру саласында өзіндік орны қалыптасқан білікті ұстаздардың бірі. Оның қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі шәкірттерінің жетістіктерінен көрініс тауып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және ел болашағына қызмет ететін азамат болып қалыптасуына зор үлес қосуда.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности