+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
Новости территориальных организаций 21 сентября 2025

СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы «Білім саласындағы еңбек қатынастарындағы түйіткілді сұрақтар» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға облыстағы мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ…

СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

🧩Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы «Білім саласындағы еңбек қатынастарындағы түйіткілді сұрақтар» тақырыбында семинар өткізді.

🔆 Іс-шараға облыстағы мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кадр қызметкерлері, заңгерлер және келісім комиссиясы мүшелері қатысты. Жиын барысында еңбек заңнамасындағы өзгерістер, білім саласындағы еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, педагогтардың құқықтық қорғалуы және еңбек дауларын реттеу жолдары сөз болды.

🖇️Семинарда Ақтөбе облыстық білім және ғылым кәсіподақ ұйымының заңгерлері Александар Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай қатысушыларға еңбек заңнамасының негізгі нормалары бойынша түсіндірме беріп, педагогикалық ұжымдарда жиі кездесетін құқықтық мәселелерді мысалдар арқылы талдады. Сонымен қатар еңбек даулары туындаған жағдайда келісу комиссиясының рөлін күшейту, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімдердің заң талаптарына сай орындалуы жөнінде құқықтық кеңестер берілді.

📝Сондай-ақ, семинар барысында облыстық ұйымның бас маманы Айжарық Серімбетов жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына іс қағаздарын дұрыс жүргізу тәртібі жөнінде кеңінен мәлімет беріп, бағыт-бағдар көрсетті.

🔰Семинар аясында тәжірибелі писхолог мамандар психологиялық тренинг өткізді. Қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

✅Кездесу барысында кәсіподақ ұйымдары өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да педагогтарды ақпараттандыру және олардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырады.

СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности