+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › САРҚАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Новости территориальных организаций 23 апреля 2026

САРҚАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

САРҚАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

САРҚАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ Қазіргі таңда еңбек қатынастарын жетілдіру, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу»…

САРҚАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

 

Қазіргі таңда еңбек қатынастарын жетілдіру, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен Сарқан ауданында кезекті оқыту семинары өтті.

«Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, бастауыш ұйым төрағасының рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында өткен шараға ауданның білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинардың басты мақсаты – кәсіподақ жұмысын жетілдіру, өзекті мәселелерді талқылау және кәсіби біліктілікті арттыру.

Жиынды Сарқан аудандық филиалының төрағасы Ермек Алинов сөз сөйлеп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттырудың маңызын атап өтті. Ол кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, семинардың мақсаты мен маңызын таныстырды. Ол өз сөзінде кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жаңғырту, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтың рөліне тоқталды.

Семинар барысында облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары іс қағаздарын жүргізу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу, хаттамаларды дұрыс толтыру, ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кәсіподақ қызметінің тиімді әдістері мен заманауи тәсілдері таныстырылды.

Сондай-ақ облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі еңбек заңнамасындағы өзгерістерге тоқталып, педагогтардың еңбек құқықтарын қорғау, жалақы төлеу, жұмыс жүктемесін бөлу, қосымша міндеттерді атқару, ұжымдық шарттың маңызы сынды мәселелерге кеңінен түсінік берді.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности