+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖҰМЫС ЖИНАЛЫСЫ
Новости 13 января 2022

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖҰМЫС ЖИНАЛЫСЫ

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖҰМЫС ЖИНАЛЫСЫ

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖҰМЫС ЖИНАЛЫСЫ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басшысы Айгүл Мұқашеваның төрағалығымен онлайн режимде мүшелік ұйым жетекшілерімен жұмыс жиналысы өткізілді. Жиында кәсіподақ көшбасшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖҰМЫС ЖИНАЛЫСЫ



Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басшысы Айгүл Мұқашеваның төрағалығымен онлайн режимде мүшелік ұйым жетекшілерімен жұмыс жиналысы өткізілді. Жиында кәсіподақ көшбасшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 11..01.2022 ж. күнгі отырысында сөйлеген сөзін талқылады, Президент белгілеген жоспарлар мен міндеттерге қолдау білдірді.




Жиынды ашқан Айгүл Мұқашева құқық қорғау қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың өмірін қиған қайғылы оқиғаға тоқталды. Салалық кәсіподақ атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың уақытылы қабылдаған шешімдері елдегі жағдайды қысқа мерзімде тұрақтандыруға және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.




«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларына алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгілеп, Үкіметтің жаңа құрамына жаңа Қазақстанды құруға ауқымды тапсырмалар жүктеді. Президент назарынан білім саласы да тыс қалған жоқ. Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасын әзірлеуге қатысты тапсырмасын толық құптаймыз», - дей келе, Салалық кәсіподақ төрайымы қуатты Қазақстанды дамытуға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы Салалық кәсіподақ та өз үлесін қосатынын мәлімдеді.




Салалық кәсіподақ төрайымы орынбасары Виктор Беженаров елдегі эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту форматына көшу кезеңінде кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсетуді күшейту қажеттігін айтты.




Атап өту керек, қаңтардың алғашқы күндері елдегі орын алған қиын күндерде Салалық кәсіподақ мүшелік ұйымдармен үнемі байланыста болып, жағдайды жіті бақылауда ұстады. Жиында Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және т.б. облыстарындағы мүшелік ұйымдардың басшылары сөз сөйлеп, өңірлердегі қазіргі ахуалды баяндады.




Айгүл Мұқашева өңірлердегі білім беру ұйымдарында кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, еңбек заңдылығының бұзылуына жол бермеудің маңыздылығын атап өтіп, жиынды қорытындылады.

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности