+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Новости территориальных организаций 15 апреля 2025

САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Мәртөк ауданында еңбек қатынастары саласындағы маңызды мәселелердің бірі – еңбек даулары мен оларды шешу жолдары талқыланған семинар өтті. «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі»…

САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

🖇️Мәртөк ауданында еңбек қатынастары саласындағы маңызды мәселелердің бірі – еңбек даулары мен оларды шешу жолдары талқыланған семинар өтті. «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында өткен бұл іс-шараға білім беру мекемелерінің өкілдері, кәсіподақ мүшелері және сала мамандары қатысты.

📜Семинарды Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының тәжірибелі заңгері Александр Алимпиев жүргізді. Оған аудан аумағындағы мектеп, балабақша және басқа да білім беру мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. Кәсіподақ заңгері қатысушыларға еңбек дауларының мәні, олардың пайда болу себептері және заң шеңберінде оларды қалай тиімді шешуге болатыны туралы кеңінен түсіндірді.

📂Басқосу барысында еңбек қатынастары кезінде жиі кездесетін мәселелер, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы даулы жағдайлардың туындау себептері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, еңбекақыны кешіктіру, жұмыс шарттарының бұзылуы, қызметкерлердің құқықтарының тапталуы сынды мәселелерге ерекше назар аударылды.

✏️Облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері осыған байланысты нақты заң нормаларын түсіндіріп, тәжірибеден алынған мысалдар келтірді. Сондай-ақ еңбек дауы туындаған жағдайда тараптардың қандай әрекет етуі тиіс екенін нақтылап, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі тиісті баптарға тоқталды.

📌Семинарда еңбек дауларының алдын алуда келісу комиссиясының алатын орнына ерекше көңіл бөлінді. Комиссия арқылы еңбек дауларын бейбіт жолмен шешу – ең тиімді әрі заңды жол екені айтылды. Спикер бұл комиссияның құрылу тәртібі, оның құрамына кімдер кіретіні және қабылданған шешімнің заңды күші туралы жан-жақты мәлімет берді.

📄Облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері Александр Алимпиев келісу комиссиясы – еңбек ұжымындағы дауларды сотқа жеткізбей, өзара тиімді жолмен шешуге мүмкіндік беретін маңызды құрал екенін атап өтті. Құқықтық сауаттылықты арттыру, еңбек қатынастарының мәдениетін қалыптастыру және кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту – еңбек дауларының алдын алуда шешуші фактор екені айтылды.

📃Семинар соңында қатысушылар облыстық ұйым өкіліне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайларға қатысты кеңестер алды.

📂Айта кетейік, облыстық кәсіподақ ұйымының бастамасымен еңбек қатынастарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек заңнамасының орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Білім саласы қызметкерлеріне арналған бұл семинар – құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, ұжымдық қатынастарда заңға сүйену мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

📝Семинардан соң облыстық ұйымның бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев Мәртөк ауданындағы жалпы білім беру ұйымдарында болып, қоғамдық бақылау жүргізді. Онда еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер беріп, әріптестік туралы салалық және облыстық келісімнің тармақтары туралы баяндады. Мектеп басшылары ұжымдық шарт, ішкі еңбек тәртібі мен өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды.

📎Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен ұйымдастырылған мұндай шаралар еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосары сөзсіз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности