+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫСЫ
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫСЫ

РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫСЫ

РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫСЫ Қоғамның дамуы мен рухани өркендеуі өз ісіне адал, еңбегіне жауапты жандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Білім мен мәдениеттің алтын көпіріне айналып, бірнеше буынның рухани қалыптасуына үлес қосып жүрген сондай жандардың бірі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы…

РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫСЫ

Қоғамның дамуы мен рухани өркендеуі өз ісіне адал, еңбегіне жауапты жандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Білім мен мәдениеттің алтын көпіріне айналып, бірнеше буынның рухани қалыптасуына үлес қосып жүрген сондай жандардың бірі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі - Роза Райымбекқызы Сәрсенбаева.

Роза Райымбекқызы еңбек жолын кітапханашы қызметінен бастап, өмірінің негізгі бөлігін білім мен кітапхана саласына арнады. Жалпы еңбек өтілі 39 жыл болса, соның 36 жылын жас ұрпақтың білім мен тәрбие алуына қызмет ететін білім беру саласында өткізді. Бұл табандылық пен кәсібіне деген адалдықтың айқын көрінісі.

Кітапхана – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың ордасы. Ал кітапханашы – сол қазынаның сақтаушысы ғана емес, жас ұрпақты кітап әлеміне жетелейтін бағыт беруші тұлға. Осы міндетті абыроймен атқарып келе жатқан Роза Райымбекқызы мектеп кітапханасының жұмысын заман талабына сай ұйымдастырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Оның бастамасымен түрлі әдеби кештер, танымдық кездесулер, кітап көрмелері, оқырмандар байқауы мен шығармашылық жобалар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Мұндай шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың әдебиетке, ұлттық құндылықтарға және рухани мұраға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірт жетістігі десек, Роза Райымбекқызының жетекшілігімен тәрбиеленген оқушылар аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларда Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі орындарды иеленіп, білім ордасының мерейін үстем етіп келеді. Бұл тәжірибелі маманның қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нақты нәтижесі.

Көпжылдық еңбек жолында ол кітапхана жұмысын жетілдіруге, оқырман мәдениетін қалыптастыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосты. Еңбегі жоғары бағаланып, түрлі деңгейдегі Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен және марапаттармен марапатталды.

Әріптестері арасында сыйлы, оқушыларға жанашыр, кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде танылған Роза Раимбекқызы қарапайымдылығы мен адамгершілік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Оның еңбекқорлығы, ізденімпаздығы мен жауапкершілігі жас мамандарға үлгі, кейінгі буынға өнеге болып келеді.

Еңбек - адамды шыңдайтын, биік мақсаттарға жетелейтін ұлы құндылық. Ал өз кәсібіне адал, қоғам игілігі үшін аянбай қызмет ететін жандар ел дамуының берік тірегі. Осындай еңбек адамдарының бірі Роза Райымбекқызы Сәрсенбаеваның ғибратты еңбек жолы өскелең ұрпақ үшін тағылымды үлгі, қоғам үшін зор мақтаныш.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности