+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ АРТЫП,  ӘЛЕУМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕР КЕ…
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ АРТЫП,  ӘЛЕУМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕР КЕҢЕЙЕДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ АРТЫП,  ӘЛЕУМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕР КЕҢЕЙЕДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ АРТЫП,  ӘЛЕУМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕР КЕҢЕЙЕДІ 🖇️Бүгін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің ұжымымен кездесу өткізіп, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. 📌 Іс-шара…

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ АРТЫП,  ӘЛЕУМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕР КЕҢЕЙЕДІ

 


🖇️Бүгін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің ұжымымен кездесу өткізіп, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.


📌 Іс-шара аясында «Еңбек даулары, олардың туындау себептері және келісім комиссиясында қарау тәртібі. Ұжымдық шарт. Еңбек қауіпсіздігі – басты мүдде» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық білімін жетілдіру, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және ұжымдық келісімдердің маңызын көрсету болды.


📖 Кездесу барысында кәсіподақ мамандары еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау жолдарын түсіндіріп, еңбек дауларының пайда болу себептеріне тоқталды. Сонымен қатар келісім комиссиясының жұмыс істеу тәртібі, еңбек заңнамасын тәжірибеде қолдану ерекшеліктері және келіссөз жүргізу мәдениеті сөз болды. Дауларды ушықтырмай, өзара түсіністік арқылы шешу тәсілдері де кеңінен талқыланды.


⚖️ Кәсіподақ заңгерлері ұжымдық шарттың орындалу барысына назар аударып, еңбекақы төлеу жүйесі, үстемеақы мен түрлі жәрдемақыларды есептеу тәртібі жөнінде түсіндірме берді. Бұдан бөлек, кәсіподақ мамандары жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіподақ қызметінің бағыттары туралы жан-жақты түсіндірді. Ұжым мүшелері өз сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша кеңес алды.


🔍 Іс-шарадан кейін кәсіподақ өкілдері мекемеде қоғамдық бақылау жүргізіп, еңбек қатынастарына қатысты құжаттарды зерделеді. Нәтижесінде құжаттардың заң талаптарына сәйкестігі қарастырылып, әдістемелік ұсыныстар берілді.


💡 Жалпы, бұл кездесу ұжым үшін пайдалы ақпарат алмасу алаңына айналып, еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және жұмыс барысында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге ықпал етті.


📎 Айта кету керек,  Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің ұжымы жуырда облыстық кәсіподақ құрамына қосылды.  Соның нәтижесінде ұжым мүшелерінің құқықтарын қорғау жұмысы жанданып, әлеуметтік кепілдіктерге қолжетімділік арта түспек.

 

--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ АРТЫП,  ӘЛЕУМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕР КЕҢЕЙЕДІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ АРТЫП,  ӘЛЕУМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕР КЕҢЕЙЕДІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности