+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАУІПСІЗ ОРТА - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
Новости территориальных организаций 07 декабря 2025

ҚАУІПСІЗ ОРТА - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

ҚАУІПСІЗ ОРТА - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

ҚАУІПСІЗ ОРТА - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК! 5 желтоқсан күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты «Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінде педагог–психологтардың…

ҚАУІПСІЗ ОРТА - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

5 желтоқсан күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты «Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінде педагог–психологтардың ұйымдастыруымен «Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік» тақырыбында кең көлемді семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп қауымдастығында өзара сыйластыққа негізделген сенімді және қауіпсіз психологиялық ортаны қалыптастыру, буллингтің алдын алу мәдениетін дамыту және әрбір қатысушының жауапкершілігін арттыру болды.

Семинарға мектеп директоры Мансур Матмусаев, мектеп инспекторы Нұрдәулет Парманов, мектеп басшылығының орынбасарлары, педагогтер мен оқушылар қатысып, қауіпсіз орта құру мәселелеріне қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар қауіпсіз психологиялық ортаның маңызы, буллингтің алдын алу тетіктері, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, жағымды сынып атмосферасын қалыптастыру және мұғалім–ата-ана–оқушы арасындағы бірлескен жауапкершілік жайлы маңызды тақырыптарды талқылады.

Тренинг барысында оқушылар мен педагогтер интерактивті тапсырмалар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар мектепте шынайы қолдау мен сенімге негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді. Әр баланың өзін еркін сезінуі, құрметке ие болуы және өзінің мүмкіндігін толық ашуы үшін мектепте қауіпсіз психологиялық ахуалдың болуы – ең басты шарттардың бірі екені ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар педагогтардың да психологиялық тұрғыдан жайлы, қолдаушы ортада жұмыс істеуі жалпы мектеп ахуалының тұрақтылығы мен сапасының негізгі көрсеткіші екені айтылды. Мұғалім өзін сенімді сезінген ортада ғана оқушыға да жан-жақты қолдау көрсетіледі. Сондықтан буллингтің алдын алу мәдениетін жүйелі түрде қалыптастыру, оқушыларға демеу көрсету, педагогтардың кәсіби және эмоционалды саулығын сақтау, сондай-ақ мейірімге негізделген тұрақты орта құру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Егер әрбір күнімізді ықыласпен бастап, әр баланың даусына құлақ асып, әр педагогтың еңбегін бағалай білсек, мектепте жарқын, қауіпсіз және жайлы атмосфера қалыптасады. Балаға көрсетілген қолдау – болашаққа жасалған ең маңызды қадам, ал педагогқа көрсетілген қолдау – сол болашаққа бастайтын берік негіз.

ҚАУІПСІЗ ОРТА - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
ҚАУІПСІЗ ОРТА - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности