+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Новости территориальных организаций 01 октября 2025

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК Бүгін Талдықорған қаласында білім саласындағы жұмыс берушілердің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек – ортақ жауапкершілік: бақылау, қорғау және серіктестік» атты кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне…

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгін Талдықорған қаласында білім саласындағы жұмыс берушілердің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек – ортақ жауапкершілік: бақылау, қорғау және серіктестік» атты кездесу ұйымдастырылды.

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері және колледж, мектеп, балабақша басшылары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ортақ жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына байланысты өзекті мәселелерді талқылау болды.

Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергеновтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесін көтеру бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде мұғалімдердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – басты назарда. Осыған орай апта бойы еліміздің барлық өңірлерінде «Ұстазға алғыс» апталығы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Шара барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерленов Әкімғазы Рамазанұлы сөз сөйлеп, еңбек заңнамасын сақтау, қызметкерлердің құқығын қорғау мәселелеріне тоқталды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орнында заңдылықты сақтау, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы серіктестікті нығайту жайында өз ойларын ортаға салды.

​Әсет Жұмаділов, Болат Тұрысбеков пен Шалқар Оразбаев сөз алып, әріптестерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мекеме басшыларына біліктіліктерін арттырғанның белгісі ретінде сертификаттар табысталды.

Жиын соңында қатысушылар еңбек мәдениетін қалыптастыру – әр ұйымның ортақ жауапкершілігі екендігіне тоқталып, алдағы уақытта да мұндай кездесулердің жиі өткізілуі қажет деген пікір білдірді.

 

​Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымның баспасөз қызметі

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности