+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАСИЕТТІ ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ К…
Новости территориальных организаций 23 июня 2025

ҚАСИЕТТІ ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

ҚАСИЕТТІ ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

ҚАСИЕТТІ ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС 2024–2025 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесін “Абай атындағы мектеп-гимназиясының” ұжымы  бұл жолы мектеп қабырғасында емес, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай  киелі Қарқаралы жерінде ұйымдастыруды…

ҚАСИЕТТІ ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

2024–2025 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесін “Абай атындағы мектеп-гимназиясының” ұжымы  бұл жолы мектеп қабырғасында емес, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай  киелі Қарқаралы жерінде ұйымдастыруды жөн көрді.

Шараның басты мақсаты — жыл бойы атқарылған жұмысты саралап, ұстаздардың еңбегін бағалау, сонымен қатар ұжымның бірлігін нығайту, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыру болды.

Ұстаздар Қарқаралының көркем табиғатын тамашалап, тарихи-танымдық саяхаттар жасап, аты аңызға айналған Шайтанкөлге көтеріліп, оның табиғатын тамашалап, қазақ руханияты мен дінінің ордасы саналатын Құнанбай қажы мешітіне арнайы барып, тағылымды мәліметтермен танысты. Бұл сапар ұстаздарға рухани азық сыйлап, ой көкжиектерін кеңейтті.

Кеңес барысында ашық аспан астында әртүрлі тимбилдинг элементтерімен толықтырылған эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.        Шара соңында оқу жылы бойы қажырлы еңбек еткен ұстаздардың еңбегі еленіп, түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды. Әсіресе, тәрбие жұмысына ерекше үлес қосып, оқушылармен тығыз байланыс орнатқан Үлгілі сынып жетекшілер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Бұл — ұстаздарға деген зор құрметтің, еңбектерінің бағалануының айқын көрінісі болды.

Педагогикалық кеңестің тағы бір жаңалығы үздік сынып жетекшілердің мараптталуы болды. Осы орайда үздік жетекшілердің түрлі номинациялар бойынша марапатталануына қаржылай қолдау көрсеткен  облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Алмагүл Ракишева мен Қазыбек аудандық кәсіподақ комитеті филиалының төрайымы Марал Кашеноваға  алғыс білдіреміз.      

Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мектеп кәсіподағы мен пән бірлестіктері үлкен үлес қосты. Әсіресе, ұжымдық демалыстың мазмұнды өтуіне мұрындық болған кәсіподақ төрайымы Ардақ Сайынқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, бұл мазмұнды шараны жоспарлап, үйлестіруге белсенді атсалысқан  ұстаздарға ұжым атынан зор ризашылығымызды білдіреміз.   

Педагогикалық кеңестің осындай ерекше форматта ұйымдастырылуы ұстаздарға тың серпін беріп, жаңа оқу жылына деген құлшыныстарын арттырды. Мұндай ұжымдық рухты көтеретін шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол.

Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымы

ҚАСИЕТТІ ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
ҚАСИЕТТІ ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности