+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕС…
Новости территориальных организаций 26 января 2026

ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» кәсіподақтық керуені Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектебінде болып, бастауыш ұйым мүшелерімен кездесті. Керуен құрамында Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан…

ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» кәсіподақтық керуені Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектебінде болып, бастауыш ұйым мүшелерімен кездесті. Керуен құрамында Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бастаған облыстық ұйымның аппарат қызметкерлері, құқықтық және медиа қызметінің мамандары болды.

А.Пушкин атындағы орта мектебі Талас ауданындағы байырғы мектептер қатарына жатады. Мектептің негізі сонау 1973 жылы қаланған. Бүгінде мектептегі 751 оқушыға 80 мұғалім білім мен тәрбие беріп жүрсе, одан бөлек 25 кіші қызметкер бар. Барлығы да бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері.

Жиынды алғы сөз айтып ашқан Талас аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әділ Смағұлов қонақтармен таныстырып, алғашқы сөзді Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбековке ұсынды. Кәсіподақ төрағасы алдымен облыстық ұйымның атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, құқықтарын қорғау бағытындағы іс-шараларға тоқталды.

- Білім мекемелері мен ұйымдарында еңбек заңдылығының орындалуын бақылау мақсатында 2025 жылы құқықтық қызметтің мамандарымен барлығы 563 тексеру жүргізілді, оның 454 жоспарлы болса, 109 жоспардан тыс. Осы тексерулердің нәтижесінде еңбек заңдылығының талаптарын бұзудың 1708 жағдайы анықталды. Облыс бойынша барлығы 11 мыңнан аса құқықтық қызмет көрсетілді. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда сотқа 12 талап арыз дайындалды, түрлі сот инстанциясында 31 рет өкілдік етілді, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Сонымен қатар ол бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөліне ерекше тоқталып, ұжымдағы бірлік пен өзара қолдаудың маңызын атап өтті.

- Кәсіподақ мерекелік іс-шаралармен айналысады деген түсініктен арылатын кез келді. Кәсіподақ өз мүшесінің, еңбек адамының нақты мәселесін көтеріп, заң аясында шешуге ықпал ететін ұйым. Біз үшін қоғамда жиі айтылатын жаңа жылдық сыйлықтар тарату мен сауықтыру шаралары ең соңғы орында. Ұжымдық шарттар арқылы өзінің еңбек демалысын рәсімдеу, жүктеме мәселесі, ынталандыру төлемдері, құқықтық қызмет сынды игілікті пайдаланып жатқанын көпшілігі сезбей қалуда. Бұл кәсіподақ қызметін ақпараттандыру, әлеуметтік желілерде бастауыш ұйымдардың жұмысын дұрыс әрі белсенді насихаттаудың төмендігінен де, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Ашық пікір алмасу форматындағы кездесуде мектеп ұжымы тарапынан қойылған жұмыс күндері, аттестация, материалдық көмек көрсету сынды сауалдарға нақты жауаптар берілді. Жиын соңында сөз алған мектеп директоры Ақсәулем Торланбаева ұйымның жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы айтып, тозығы жеткен мектептің құрылысына назар аударуды сұрады.

- Мектеп 1973 жылы пайдалануға берілген. Өздеріңіз көріп отырғандай жөндеуді қажет етеді. Бұл мәселені көтеріп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Жылу орталықтандырылған болғандықтан өте суық, терезелері де, шатыры да, барлығы күрделі жөндеуді сұранып тұр. Оқушылардың жарық және жылы мектепте білім алуы үшін өтінішімізді тиісті органдарға жеткізуді сұраймын, - деді мекеме басшысы Ақсәулем Тұрарбекқызы.

Кездесу соңында Ерұлан Мағзымбеков бастаған керуен мүшелері көтерілген мәселелердің оң шешімін табуға ықпал жасайтындықтарын жеткізіп, мектеп ұжымына шығармашылық табыс пен еңбектеріне лайықты құрмет тіледі. Соңы үздік деп танылған бірқатар педагогтер мен қызметкерлерді марапаттауға ұласты.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚАРАТАУДА КӘСІПОДАҚ КЕРУЕНІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности