+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?
Новости территориальных организаций 29 марта 2026

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ? Әр ұйымның іргесін бекітіп, берекесін арттыратын, татулығы мен достығын нығайтатын күш – бұл мықты бастауыш кәсіподақ ұйымы. Берекелі ұжым – сапалы білім мен жағымды атмосфераның алтын қазығы. Әдетте, кәсіподақ ұйымының төрағасы мен оның белсенді…

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

Әр ұйымның іргесін бекітіп, берекесін арттыратын, татулығы мен достығын нығайтатын күш – бұл мықты бастауыш кәсіподақ ұйымы. Берекелі ұжым – сапалы білім мен жағымды атмосфераның алтын қазығы. Әдетте, кәсіподақ ұйымының төрағасы мен оның белсенді командасы, кәсіподақ комитетінің мүшелері өз қызметтерін қоғамдық негізде атқарады. Олардың көзге көрінбейтін, бірақ ұжымды біріктіріп, жарыққа шығаратын қаншама тынымсыз еңбегі мен ұйымдастырған шаралары бар.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына тоқталмақпын.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мерейтой жасқа толған, сондай-ақ өз ісінде айрықша табыстарға қол жеткізген ұстаздар мен әріптестеріміз құрметтелді, оларға сый-сияпат табыс етілді. Ерекше алғыс пен құрметке ие болған – төтенше жағдай кезінде батылдық танытып, өртті дер кезінде ауыздықтаған, нағыз ерлік үлгісін көрсеткен вахтер апайымыз. Осындай ерліктер біздің ұжымымыз үшін мақтаныш! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұжымға ерекше көңіл-күй сыйлаған ақ дастархан жайылды. Барша әріптестеріміз бір үстел басына жиналып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, мерекенің шынайы мәнін ұғынып, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осындай игі бастамаға ұйытқы болған кәсіподақ ұйымына шексіз алғыс! Ұжымымыздың әрқашан ауызбіршілігі жарасқан, берекелі болуын тілейміз! Наурыз құтты болсын! Мұндай игі шаралар ұжым ішіндегі сыйластық пен бірлікті одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.

Кәсіподақ ұйымының белсенділігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында, ұжымдағы әрбір мерекелік күн ерекше мәнге ие болып, есте қаларлықтай өтеді. Бұл тек мерекелермен шектелмей, күнделікті жұмыс барысында да ұжым мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығы мен қолдауын арттырады.

Кәсіподақ ұйымының жұмысы тек мерекелік іс-шаралармен ғана шектелмейді. Олар ұжым мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды да жүйелі түрде жүргізеді. Мысалы, кәсіподақ комитеті ұжымдық келісімшарттың орындалуын қадағалап, қызметкерлердің еңбекақысының уақытылы төленуін, демалысқа шығу тәртібінің сақталуын бақылайды.

«Жұлдыз» балалар өнер мектебінің кәсіподақ ұйымының тағы бір маңызды бағыты – жас мамандарды қолдау. Олар жас ұстаздардың ұжымға тез бейімделуіне, кәсіби өсуіне жағдай жасап, тәжірибелі әріптестермен тәлімгерлік байланыс орнатуға көмектеседі. Бұл жас мамандардың жұмысқа деген ынтасын арттырып, олардың мектептің дамуына қосқан үлесін еселей түседі.

«Жұлдыз» балалар өнер мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – бұл тек бірлестік қана емес, ол ұжымның жүрегі, оның берекесі мен бірлігінің кепілі. Олардың жанқиярлық еңбегі мен қоғамдық қызметі арқылы ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, әрбір қызметкер өз еңбегінің бағаланғанын сезінеді. Бұл, өз кезегінде, сапалы білім беруге де оң ықпал етеді.

 

 

Қ.Төкенова, Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

#ШҚОбілімкәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности