+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ? Кәсіподақ – ұжым тірегі. Мен, Айгүл Жақыпбекқызы Сағындықова, 18 жылдан бері Алматы қаласының №95 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Осы уақыттың соңғы 9 жылын «Ұстаз» қалалық кәсіподағын қарасты…

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

📍 Кәсіподақ – ұжым тірегі.

Мен, Айгүл Жақыпбекқызы Сағындықова, 18 жылдан бері Алматы қаласының №95 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Осы уақыттың соңғы 9 жылын «Ұстаз» қалалық кәсіподағын қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметіне арнадым. Атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2025 жылы Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы Алмалы аудандық филиалының «Үздік төрайымы» атағына ие болдым. Қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы осы еңбегімді жоғары бағалап, арнайы сертификатпен және Дубай қаласына саяхатпен марапаттады.

🎓 Кәсіби даму және құқықтық сауаттылық.

Мен өз қызметімде кәсіби шеберлікті шыңдауды басты орынға қоямын. Үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, семинарлар мен конференцияларға белсене қатысамын. Әсіресе, еңбек заңнамасы бойынша өткізілетін консультациялар мен түсіндіру жұмыстары бастауыш ұйым қызметіне нақты серпін береді. Бұл білім бізге ұжымдағы әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауға және ұжымдық шарттарды сапалы әзірлеуге мүмкіндік береді.

🛡️ Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда.

Кәсіподақ жұмысында мектептің техникалық инспекторы Муминова Айемқыз Тұрсыновнаның көмегі зор. Оның жетекшілігімен қызметкерлер мен оқушыларға арналған нұсқамалар жүйелі түрде жүргізіліп, қауіпсіздік техникасының сақталуы қатаң бақыланады. Профилактикалық іс-шаралардың дер кезінде ұйымдастырылуы – мектебіміздегі жайлы әрі қауіпсіз ортаның кепілі.

🤝 Бірлік бар жерде – нәтиже бар.

Аудандық кәсіподақ комитетінің үйлесімді әрі білікті жұмысының арқасында біз салалық жаңалықтардан қалыс қалмаймыз. Бұл маған кәсіподақ мүшелері арасындағы кез келген түсініспеушілікті жедел шешуге және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеуге көмектеседі. Біздің басты мақсатымыз – әрбір ұстаздың мүддесін қорғап, олардың алаңсыз шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау.

Айгүл Сағындықова, Алматы қаласы, «Ұстаз» кәсіподағы,

№95 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?
ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности