+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Новости 26 января 2025

ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Тараз қаласындағы №66 жайлы мектептің мәжіліс залында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының Тараз қалалық комитетінің 2024 жылды қорытындылаған Пленумы өтті. Жергілікті кәсіподақ…

ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Тараз қаласындағы №66 жайлы мектептің мәжіліс залында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының Тараз қалалық комитетінің 2024 жылды қорытындылаған Пленумы өтті.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков қатысқан мәжілісте былтырғы «Лайықты еңбек жылының» қорытындылары жарияланып, салада қалыптасқан жағдайларды ескере отырып алдағы кезеңге міндеттер айқындалды.

Жиынға шақырылған Пленум мүшелері мен жұмыс беруші өкілдері, білім бөлімінің мамандары, бастауыш ұйым жетекшілері мен сала ардагерлері алдында қалалық кәсіподақ төрағасы Ирина Костина мен білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова есепті баяндама жасады.

- 2024 жылы қалалық кәсіподаққа заң көмегіне жүгінгендердің саны - 1238 адамды құрады. 829 құқықтық қызмет жеке қабылдау барысында көрсетілді. Құқықтық мәселелер бойынша 254 жазбаша түсініктеме берілді. Білім бөлімімен бірлесіп 14 ұжымдық және жеке өтініш түскен білім мекемелерінде кездесу өткізіп, еңбек дауларын екі тарап үшін де тиімді шарттармен шеше алдық. 2024 жылы кәсіподақ мүшелеріне сотта екі рет өкілдік еттік. Оның бірінде кәсіподақ 284 адамның мүддесін білдіргенін атап өткен жөн. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса беретін болады, - деді Ирина Александрқызы.

Ал білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова ықпалды ұйымның өз мүшелерінің мәртебесін көтеру мен қолдаудағы бірлесіп атқарып жатқан еңбектерін саралап шықты.

- Біздің тарапымыздан жұмыскерлерге ең алдымен жағдай туғызып, содан соң сапалы білім мен саналы тәрбиені талап ету басты ұстанымымыз. Жұмыс беруші өкілі ретінде Ұжымдық шартта белгіленген еңбек ақы, қауіпсіз еңбек жағдайы, демалыс уақыты, әлеуметтік мәселелерді шешу туралы келісілген міндеттердің өз дәрежесінде орындалуына күш саламыз. Биыл білім мекемелеріне жабдықтар алуға 381 млн. 704 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. Кәсіподақ ұйымы үздік ұстаздарды ынталандыру, мемлекеттік және кәсіби мерекелер, білім мекемелерінің мерейтойында сала қызметкерлерін ескерусіз қалдырмайды. Үздік мұғалімдер, кәсіби байқау жеңімпаздары құрметсіз қалған емес. Биыл да осындай ауқымды іс-шараларды бірге атқарамыз деген сенімдеміз, - деді Раушан Пернешқызы.

Негізгі баяндамалардан кейін жарыссөзге шыққан №26 орта мектеп директоры Тарас Леоненко ұжымдық шарттың көмегімен мектепке сыныбымен ауысып келген оқушыларға сабақ беретін педагогтарды да конкурстық рәсімсіз ауыстыру мүмкіндігіне ие болғанын айтып, биылғы жұмысшы мамандықтар жылында аула сыпырушыларға да сауықтыру төлемін қарастыруды сұрады. Ал оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлжан Атакулова 2025-2026 оқу жылында сынақтан өткізіліп, 2026-2027 оқу жылында толық іске асыру жоспарланып отырған жаңа стандартта білім берудегі заманауи үрдістерді, цифрландыруды және жасанды интеллекттің дамуын ескеруге мүмкіндік берілетінін айтып, бұл өз кезегінде педагогикалық ұжымның шығармашылық, кәсіби әлеуетін және дағдыларын динамикалық түрде арттыруды қажет ететінін, осы ретте 2024 жылы 2893 педагог аттестаттаудан өткенін жеткізді.

Жарыссөзде 120 бастауыш ұйымның атынан сөз алған №16 орта мектептің кәсіподақ көшбасшысы Динара Елемесова өз сөзінде еңбек қатынастарын реттеуде күнделікті пайдаланатын үстел кітабына айналған ұжымдық шарттың қолданыстағы заңдардан да артық нормалар белгілейтінін және олардың орындалуына мұрындық болатынын атап өтіп, құқықтық қорғау, мәдени-көпшілік жұмыстар, сауықтыру мен оқыту бағытындағы қалалық кәсіподақ ұйымының жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Жиында баяндама жасаған Тараз қаласы білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтерияның есептеу секторының жетекшісі Жаңылған Әділбекова жалақының 70% қосымша ақыдан құралатынын, ал онмыңдаған адамның еңбек ақысын талапқа сәйкес есептеуге құқықтық көмек көрсетіп, көптеген құқық бұзушылықтардың алдын алуға жасап отырған кәсіподақтың қолдауы өлшеусіз көмек екенін жеткізді.

Жарыссөзді қорытындылаған Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков әлеуметтік әріптестіктің маңызына тоқталып, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмауға шақырды. Сонымен бірге бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарындағы мәртебесін нығайтуға екпін беріп, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту мәселелеріне тоқталып, қалалық ұйымның жұмысына қанағаттанарлық деп баға берді.

Пленум барысында қалалық комитеттің 2024 жылғы қаржы есебі беріліп, 2025 жылға арналған кіріс-шығыс сметасы бекітілді. Іс-шара соңында үздік жұмыс берушілер мен бастауыш ұйым жетекшілері ҚР кәсіподақтар федерациясының, Салалық кәсіподақтың республикалық және облыстық ұйымының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
1 / 6
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности