+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ
Новости 29 сентября 2025

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ Салалық кәсіподақтың әлеуметтік желілердегі парақшаларына мұғалімдерден жаңартылған білім беру мазмұны үшін берілетін қосымша ақы - базалық лауазымдық ақының, яғни 17 697 теңгенің 30% құрайтыны туралы жазылған сауалдарына қатысты келесі түсіндірме беріледі…

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ

🌀 Салалық кәсіподақтың әлеуметтік желілердегі парақшаларына мұғалімдерден жаңартылған білім беру мазмұны үшін берілетін қосымша ақы - базалық лауазымдық ақының, яғни 17 697 теңгенің 30% құрайтыны туралы жазылған сауалдарына қатысты келесі түсіндірме беріледі.

🔹Ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің айлықақы, қосымша және үстеме ақыларының есептелу тәртібі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қараты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) белгіленген.

🔸Қаулының 4-Қосымшасының 2-тармағы 11)-тармақшасына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап лауазымдық айлықақыдан (ЛА) 30% көлемінде қосымша ақы белгіленген.

Көрсетілген қосымша ақы нақты апталық оқу жүктеме көлемінен есептелген ЛА-дан жүргізіледі.

▪️Мысалы, мұғалімнің апталық оқу жүктемесі 24 сағат, білімі жоғары, біліктілік санаты педагог-зерттеуші, педагогикалық еңбек өтілі 26 жыл болған жағдайда жаңартылған білім беру мазмұны үшін берілетін қосымша ақы келесі жолмен есептеледі:

✔️ 1. Жоғарыда көрсетілген Қаулының 2-қосымшасына сәйкес 25

жылдан жоғары педагогикалық еңбек өтіліне ЛА есептеуге В2-2 буыны бойынша – 5,2 коэффициенті белгіленген.

«Педагог мәртебесі туралы» заңында айлықақыны есептеу үшін көзделген нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа: ЛА = (17 697 * 5,2) = 92 024 *2,0 = 184 049 тг. құрайды;

💤 Нақты оқу жүтемесі 24 сағатқа: ЛА=184 049 *24/16 = 276 073 тг. құрайды;

2. Жаңартылған білім беру мазмұны үшін ЛА-дан есептелетін қосымша ақы: 276 073 * 30% = 82 821 тг. құрайды.

‼️ Мұғалім ауылдық жерде жұмыс істейтін жағдайда, ЛА 25 пайызға арттырылып, шыққан нәтижеден жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы есептеледі: ЛА= (276 073*1,25)=345 091 тг. 345 091 * 30% = 103 527 тг. болады.

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности