+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ…
Новости территориальных организаций 05 января 2026

ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ 2026 жыл педагогикалық жаңашылдық пен жаңа бастамаларға толы болып, облыстың шығармашыл мұғалімдері дәстүрлі тәжірибе алаңында бас қосты. Қызылорда Облыстық білім басқармасы, кәсіподақ комитеті және «Өрлеу» Қызылорда…

ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

2026 жыл педагогикалық жаңашылдық пен жаңа бастамаларға толы болып, облыстың шығармашыл мұғалімдері дәстүрлі тәжірибе алаңында бас қосты. Қызылорда Облыстық білім басқармасы, кәсіподақ комитеті және «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының бірлесіп ұйымдастыруымен Жаңақорған шипажайында 2–5 қаңтар аралығында дәстүрлі ХХІІІ тәжірибе алаңы өткізілді.

Аталған іс-шара педагогтардың кәсіби дамуын қолдау, еңбек құқықтарын қорғау және педагог мәртебесін нығайтуға бағытталған жұмыстардың нақты көрінісі ретінде ұйымдастырылды. Тәжірибе алаңына «Өрлеу» институтының білікті тренерлері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ 80-ге жуық педагог қатысты.

Үш күнге созылған тәжірибелік форматтағы шеберлік сыныптары педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, заманауи білім беру талаптарына бейімделуіне және жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне тиімді енгізуге бағытталды. Атап айтқанда, төмендегі өзекті тақырыптар қамтылды:

▪️құндылықтар мен дағдыларды дамытудағы заманауи бағалау құралдары;

▪️ұлттық құндылықтарға негізделген оқыту үлгілері және оларды тәжірибеде іске асыру жолдары;

▪️жасанды интеллектті кіріктіре отырып құрылған сабақ модельдері;

▪️педагогикалық инновациялар аясындағы жасанды интеллектті қолданудың әдістемелік негіздері.

Тәжірибе алаңы мазмұнды қорытынды жиынмен түйінделді. Басқосуда сала өкілдері мұндай кәсіби алаңдардың педагог мәртебесін көтерудегі, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін ашудағы және үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

Сонымен қатар кәсіподақ тарапынан педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарына сай қорғау, кәсіби әлеуетін арттыру және заманауи білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқаны атап өтілді.

ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ
ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ
ПЕДАГОГТАР МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности