+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.
Новости территориальных организаций 29 марта 2026

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ. Ағымдағы жылдың 26-27 наурыз күндері «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалы ұйымдастырған дәстүрлі ХХІХ спартакиадасы өтті…

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 26-27 наурыз күндері «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалы ұйымдастырған дәстүрлі ХХІХ спартакиадасы өтті. ​​​​

Спорттық шараның салтанатты ашылуы Жамбыл атындағы орта мектебінде ұйымдастырылды. Ашылу рәсімінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Аманжолов қатысушыларды сапқа тұрғызды. Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы М.Тұрлыбеков жиналған ұстаздарды мерекемен құттықтап, жарыстың мәні мен маңызын айрықша атап өтті. Сондай-ақ қатысушы командаларға сәттілік тілеп, спартакиаданы «ашық» деп жариялады.

Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, Әнұраны шырқалды. Жарыстың бас төрешісі Х.Бөгенбаев жарыстың ережелері мен екі күнге жоспарланған бағдарламасын кеңінен таныстырды.​​​​​​Спартакиаданың іріктеу кезеңіне ауданның барлық білім беру ұйымдары қатысып, үздік шыққан 31 команда финалдық кезеңде бақ сынады. Екі күнге созылған тартысты додада қатысушылар өзара мықтыны анықтап, жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан ерлер арасында А.Розыбакиев атындағы орта мектеп жеңімпаз атанып, Сатай батыр және Қожбанбет би атындағы орта мектептер жүлделі орындарды өзара бөлісті.​​Әйелдер арасында өткен волейбол сайысында Д.Рақышев атындағы орта мектеп топ жарса, Нағарашы және Абай атындағы орта мектептер жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Шахмат бәсекесінде А.Розыбакиев атындағы орта мектеп оза шауып, Н.Крупская және Ш.Уалиханов атындағы білім ордалары келесі орындарды иеленді.

Тоғызқұмалақтан Жамбыл атындағы орта мектеп жеңіс тұғырынан көрінсе, Е.Сыпатаев және Б.Назым атындағы орта мектептер жүлделі орындарға тұрақтады.

Үстел теннисінен Үлкеншыған орта мектебі үздік атанса, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы мен Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп жүлдегер атанды.

Асық атудан (ұлдар) Садыр орта мектебі жеңіске жетіп, Жамбыл және Әулиеағаш орта мектептері үздік үштікті түйіндеді.

Ал бесасықтан (қыздар) Көктал-Арасан орта мектебі топ жарып, №6 мектеп-интернаты мен Сатай батыр атындағы орта мектеп жүлделі орындарды еншіледі.​​Жалпы командалық есеп бойынша А.Розыбакиев атындағы орта мектеп І орынды иеленіп, Жамбыл және Е.Сыпатаев атындағы орта мектептер сәйкесінше ІІ және ІІІ орындарға тұрақтады.​

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының дипломдары, кубоктары және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

 

Жетісу облысы, Панфилов аудандық филиалы

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.
ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.
ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности