+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Новости 30 марта 2026

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ Бүгін Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмен мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге салалық кәсіподақтардың өңірлік басшылары, білім беру ұйымдарының өкілдері және…

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

🖇️Бүгін Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмен мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге салалық кәсіподақтардың өңірлік басшылары, білім беру ұйымдарының өкілдері және кәсіподақ белсенділері қатысты. Жиында еңбек адамының құқығын қорғау, кәсіподақ қызметін жетілдіру және заманауи сын-қатерлерге бейімделу мәселелері кеңінен талқыланды.

📃Кездесу барысында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестікті нығайтудағы рөліне ерекше назар аударды. Ол еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамаларды атап өтті.

📜Кәсіподақтар Федерациясының Кәсіподақтық коммуникация орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова ақпараттық жұмыстың маңыздылығына тоқталып, қоғаммен тиімді байланыс орнату, кәсіподақ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және цифрлық платформаларды дамыту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Ол қазіргі таңда ақпараттық кеңістікте белсенді болу кәсіподақтардың беделін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

▫️Ал «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Аян Сәлімгереев жастармен жұмыс мәселесіне ерекше тоқталып, жас мамандарды кәсіподақ қозғалысына тарту және көшбасшылық қабілеттерін дамыту бағытындағы бастамалармен бөлісті. Оның айтуынша, жастар – кәсіподақтардың болашағы, сондықтан олармен жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу маңызды.

🧩Өз кезегінде Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ қозғалысының негізгі басымдықтарын айқындап, еңбек адамының құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыру, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол ақпараттық жұмысты күшейту, жастар саясатын дамыту, әлеуметтік әріптестікті нығайту, цифрландыру үдерістерін енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

🔰Жиын соңында сала үздіктері марапатталды. Атап айтқанда, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Алмагүл Есбосынова «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Аяш Іскендірова Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасына ие болды. Ал «Ақбота» арнайы балабақшасының тәрбиешісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Майра Хайретдинова Федерацияның Алғыс хатымен марапатталды.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
1 / 6
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности