+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 20 мая 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол – жүректен жүрекке жол табатын, ұрпақ санасына білім мен тәрбие дәнін себетін рухани миссия. Осы жолда табанды еңбек етіп келе жатқан ардақты мамандардың бірі – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы жалпы орта…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✅Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол – жүректен жүрекке жол табатын, ұрпақ санасына білім мен тәрбие дәнін себетін рухани миссия. Осы жолда табанды еңбек етіп келе жатқан ардақты мамандардың бірі – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Такеева Гүлжазира Тұрғанбайқызы.

📃Гүлжазира Тұрғанбайқызы 1977 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Ақтөбе гуманитарлық колледжін тәмамдап, кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде жоғары білім алған. 2000 жылдан бастап білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаздың бүгінде 25 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатындағы білікті маман.

📝Ұзақ жылғы ізденіс пен табандылықтың нәтижесінде Такеева Гүлжазира Тұрғанбайқызы бірқатар марапаттарға ие болған. Ол “Үздік сынып жетекші – 2021”, “Үздік музыка пәні мұғалімі – 2022” байқауларының жеңімпазы. Сондай-ақ аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

✨Оның жетекшілігімен оқушылар жыл сайын облыстық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. 2023 жылы білім саласындағы еңбегі үшін Ақтөбе облысының білім басқармасы мен кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарын және “Мерке” шипажайына жолдаманы иеленді. Сонымен қатар аудан және облыс әкімдерінің алғыс хаттарына ие болды.

🖇️Гүлжазира Тұрғанбайқызы – аудан, облыс көлемінде танылған ұстаз ғана емес, өзінің шәкірттері арқылы да биік бағаланып жүрген маман. Оның оқушылары түрлі деңгейдегі білім, өнер және шығармашылық сайыстарда үздік нәтиже көрсетіп жүр. Бұл – ұстаздың жаңашылдығы мен тиянақты еңбегінің айқын дәлелі.

🖌️Такеева Гүлжазира Тұрғанбайқызы – өз ісіне адал, жаңашылдықты жаны сүйетін, әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білген шынайы ұстаз. Оның кәсіби шеберлігі мен адамгершілік ұстанымы – әріптестеріне үлгі, жас мамандарға бағыт, ұрпаққа – өнеге. Алдағы уақытта да ол талай биіктерді бағындырып, шәкірттерімен бірге білім көкжиегін кеңейте берері анық.

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности