+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 21 мая 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – болашақтың іргетасын қалаушы, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі жауапты мамандық иесі. Осындай ұлы миссияны абыроймен атқарып келе жатқан білікті педагог – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Оразғалиева…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📃Ұстаз – болашақтың іргетасын қалаушы, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі жауапты мамандық иесі. Осындай ұлы миссияны абыроймен атқарып келе жатқан білікті педагог – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Оразғалиева Индира Бегімсалқызы.

🔸Индира Бегімсалқызы 1973 жылы 17 маусымда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой елді мекенінде дүниеге келген. 1980–1990 жылдары Сапақкөл орта мектебінде білім алып, 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық институтына оқуға түседі. 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Химия және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, ұстаздық жолын 1997 жылы өзі түлеп ұшқан Сапақкөл мектебінде бастайды.

✅Индира Бегімсалқызы тек пән мұғалімі ретінде ғана емес, басқарушылық қабілетімен де көзге түсті. 2001–2010 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал 2010–2015 және 2022–2025 жылдар аралығында оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Бұл кезеңдерде ол білім сапасын арттыруға, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға өз үлесін қосты.

📚Ізденуден жалықпайтын ұстаз 2018–2020 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде екінші жоғары білім алып, «Физика» мамандығын игерді. Қазіргі таңда ол – физика пәнінің сарапшы санатындағы мұғалімі.

☑️Ұлағатты еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Индира Бегімсалқызы 2011 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2021 жылы Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапаттар – оның кәсіби шеберлігі мен білім беру саласына сіңірген еңбегінің дәлелі.

📝Индира Бегімсалқызы – ұстаздықпен қатар, отбасында да бақытты ана. Үш бала тәрбиелеп отырған ардақты жан.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности