+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 22 мая 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – ел ертеңін қалыптастырушы ұлы тұлға. Осындай қасиетті мамандықты жүрек қалауымен таңдап, білім беру ісіне ерекше ықыласпен қызмет етіп жүрген жан Қызылорда қаласындағы №278 IT мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі, домбыра үйірмесінің жетекшісі…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✏️Ұстаз – ел ертеңін қалыптастырушы ұлы тұлға. Осындай қасиетті мамандықты жүрек қалауымен таңдап, білім беру ісіне ерекше ықыласпен қызмет етіп жүрген жан Қызылорда қаласындағы №278 IT мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі, домбыра үйірмесінің жетекшісі Серікбай Дәулет Дәуренбекұлы.

🖌️ Дәулет Дәуренбекұлы ұстаздық жолын 2021 жылы бастады. Жас маман бола тұра, аз уақыттың ішінде өз ісіне адалдығымен, шығармашылдығымен, жаңашылдығымен көзге түсе білді. Ол – шәкірт жүрегіне өнер дәнін сеуіп жүрген білікті де талапшыл педагог.

📝 Ұлттық аспап – домбыраны насихаттауда Дәулет Дәуренбекұлының орны ерекше. Ол сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратын заманауи әдістер мен цифрлық құралдарды тиімді қолдана отырып, олардың музыкалық қабілетін дамытып келеді. Домбыра үйірмесінде тәрбиеленіп жатқан шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың лауреаттары атанып, мектеп абыройын асқақтатуда.

📚 Ұстаздың өзі де облыстық және қалалық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына жыл сайын ие болып келеді. Бұл – оның еңбегінің жоғары бағалануының көрінісі. Сонымен қатар, жас та болса бас болып, ұжымда белсенділігімен ерекшеленіп жүрген ұстаз – әріптестері мен ата-аналар тарапынан үлкен құрметке ие.

🗞️ Дәулет Дәуренбекұлының арманы – ел игілігіне қызмет ететін, шәкірттеріне жол көрсетіп, артынан үлгілі ұрпақ қалдыратын мықты тұлға болу. Ол болашақта тек ұстаз ғана емес, елге пайдасы тиетін меценат болуды мақсат еткен.

🖇️«Шәкірт – ұстаздан озса, қуаныш» дейді дана халқымыз. Осы орайда, шәкірттерінің әр жетістігіне қуанып, олардың биіктерден көрінуі үшін бар күш-жігерін арнап жүрген Серікбай Дәулет Дәуренбекұлы – жас буынға үлгі боларлық нағыз өз ісінің шебері.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности