+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 07 мая 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Шәкірттің тұлға болып қалыптасуы – ұстаз еңбегінің нәтижесі. Осы жолда адал қызмет етіп, саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған мұғалжарлық ұстаздардың бірі – Жанғылыш Айжан Зейнуллақызы. Жанғылыш Айжан Зейнуллақызы 1980 жылы 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📒 Шәкірттің тұлға болып қалыптасуы – ұстаз еңбегінің нәтижесі. Осы жолда адал қызмет етіп, саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған мұғалжарлық ұстаздардың бірі – Жанғылыш Айжан Зейнуллақызы.

🖇️ Жанғылыш Айжан Зейнуллақызы 1980 жылы 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай ауылында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Қандыағаш қаласындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебінде бастап, бүгінге дейін осы білім ордасында табысты қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатындағы тәжірибелі ұстаз.

🏆 Ұстаз еңбегінің айғағы – шәкірт жетістігі. Оның оқушылары облыстық және республикалық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Мәселен, Муслима Қайратқызы «Сөз маржан» Collaboration Fest республикалық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болып, «Дарын» ғылыми жобалар байқауында сертификат алған. Ал Перизат Елюбай Абайтану олимпиадалары мен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиадада жүлделі орындар иеленген.

🔖 Айжан Жанғылыштың еңбегі жоғары бағаланған. 2025 жылы Мұғалжар ауданы әкімінің «Үздік ұстаз» аталымына ие болды. Сонымен қатар «Жыл таңдауы – 2025» қорытынды премиясында «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің Алғыс хаты да оның кәсіби жетістігінің дәлелі.

📚 Жауапкершілігі жоғары, тәжірибесі мол Айжан Жанғылыш – шәкірт тәрбиесінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, өз ісінің шебері.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности