+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 02 июня 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз бұл жай ғана мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен шексіз мейірімділікті талап ететін ұлы есім. Осындай мәртебелі де мағыналы жолды асқан сүйіспеншілікпен жалғастырып келе жатқан маман – Қызылорда қаласындағы №39 «Қызылөзек» орта мектебінің физика пәні…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✏️ Ұстаз бұл жай ғана мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен шексіз мейірімділікті талап ететін ұлы есім. Осындай мәртебелі де мағыналы жолды асқан сүйіспеншілікпен жалғастырып келе жатқан маман – Қызылорда қаласындағы №39 «Қызылөзек» орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тойбазарова Жанар Артығалиқызы.

🖌️ Жанар Артығалиқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу грантын жеңіп алып, физика пәні мұғалімі мамандығын үздік аяқтаған үздік түлек. 2014 жылдан бері ұстаздық жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті маман бүгінде 10 жылдық тәжірибесі бар сарапшы санатындағы педагог.

📝 Ұстаздық қызметте ол әрбір шәкіртінің бойындағы талантын ашып, оларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды. Жанар Артығалиқызы – жаңашыл ойлайтын, үнемі ізденіс үстінде жүретін кәсіби маман. Әріптестері мен ата-аналардың, шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленіп жүрген абзал жан.

📚 Жанар Тойбазарова түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы. Ол Қызылорда қаласы әкімінің «САМҒАУ» жастар сыйлығының иегері. Сонымен қатар «Aqyl Battle», «Qosyl Quiz», «Сәттілікке қадам» секілді қалалық зияткерлік байқауларда жүлделі орындарға ие болған.

🗞️ Шәкірттері де әрдайым биіктерден көрініп келеді. Қалалық, облыстық, республикалық білім сайыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, 2022–2024 жылдары республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде шәкірттері Айымжан Таңатарова мен Іңкәр Ғанибек ІІІ орынды иеленсе, 2024 жылы Мерейлі Сексенбаева «Менің Отаным – менің бастамам» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие болды. Ал 2025 жылы «Қазақстанның 7 кереметі» номинациясы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды.

🖇️ «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халқымыз. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген Жанар Артығалиқызының еңбегі – көпке үлгі, жас мамандарға жол көрсететін жарқын мысал.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности