+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 09 июня 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ ✅Қалуова Венера Асқарқызы — Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарықамыс негізгі орта мектебінің география пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 15 жыл. Ол педагог-зерттеуші дәрежесіне ие, білім беру үдерісіне заманауи әдістемелер мен цифрлық технологияларды енгізуге ерекше…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✅Қалуова Венера Асқарқызы — Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарықамыс негізгі орта мектебінің география пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 15 жыл. Ол педагог-зерттеуші дәрежесіне ие, білім беру үдерісіне заманауи әдістемелер мен цифрлық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлетін жаңашыл ұстаз.
✨Венера Қалуова өз кәсіби тәжірибесін аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде сәтті дәлелдеп келеді. 2024 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңінде алғыс хатпен марапатталды. 2023 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырған республикалық тамыз кеңесінде үздік тәжірибесі үшін алғысқа ие болды. Сонымен қатар, «Ең үздік бейнесабақ» байқауында ІІ орын, «Үздік сабақ жоспары» байқауында ІІ орын және педагогикалық олимпиадада ІІІ орын иеленді.
📝Ұстаз халықаралық деңгейде де біліктілігін арттырып келеді. 2024 жылы Swiss Innovators Club ұйымының «Жасанды интеллект қазіргі педагогтың кәсіби өмірінде» атты 72 сағаттық курсын аяқтап, сертификат алды. Сондай-ақ, 2024 жылы «Оқыту үдерісінде қолдануға тиімді цифрлық ресурстар» атты әдістемелік құралын дайындап, жарыққа шығарды. Бұл еңбекте Google Earth, QGIS, Canva, Kahoot сынды цифрлық құралдарды тиімді қолдану жолдары жан-жақты қамтылған. 2023 жылы Венера Асқарқызының жетекшілігімен «Білімге апарар екі жол: теориялық білім және тәжірибелік білім» атты аудандық шеберлік сынып ұйымдастырылды. Бұл шарада мұғалімдер арасында тиімді тәжірибе алмасу жүзеге асты.
📑Ұстаз оқушыларды ғылыми жобаларға баулып, олардың республикалық деңгейге дейін жетуіне ықпал етіп келеді. Шәкірті Әйеркем Сейтжапар «Зерде» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде І орын, «ProEco» байқауында ІІІ орын иеленді. Күміс Жолдыбаева мен Жасқанат Маратов та түрлі жобаларда белсенділік танытып, марапаттарға ие болды.
📗Ұлттық тәрбие беру бағытында да еңбегі елеулі. 2019 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымы оны ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі үшін алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, «Туған өлкеге қосқан үлесім» акциясында «Үздік өлке шежіресі» номинациясы бойынша мақтау грамотасына ие болды.
🖇️Педагогикалық идеялар панорамасы байқауында 2019 және 2022 жылдары «География/жаратылыстану пәні мұғалімдері» аталымы бойынша ІІ орын алды. Сол жылы бейнесабақтар байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
🗞️Қалуова Венера Асқарқызы – жаңашылдыққа ұмтылатын, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын, өз ісіне адал ұстаз. Оның жетістіктері – үздіксіз ізденіс пен шығармашылық еңбектің айғағы.

Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности