+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 09 июля 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Әдіскер – білім беру саласында бағыт-бағдар беріп, педагогикалық үдерісті саралап, оны жетілдіру жолдарын ұсынатын кәсіби маман. Мұндай іскер мамандардың бірі – Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскері Кубеева Малика Сәкенқызы. 1987 жылы Шалқар қаласында дүниеге…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

🔸Әдіскер – білім беру саласында бағыт-бағдар беріп, педагогикалық үдерісті саралап, оны жетілдіру жолдарын ұсынатын кәсіби маман. Мұндай іскер мамандардың бірі – Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскері Кубеева Малика Сәкенқызы.

🔹1987 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген Малика Сәкенқызы 2004 жылы №2 мектеп-гимназиясын тәмамдап, 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін аяқтады. Еңбек жолын Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастап, жеті жыл бойы шәкірт тәрбиеледі. 2015 жылдан бері аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін абыроймен атқарып келеді.

▪️Малика Сәкенқызы кәсіби ізденістің, үздіксіз дамудың, білім мен тәжірибенің маңызын жақсы түсінеді. Ол білім саласындағы түрлі деңгейдегі конференциялар мен семинарларға белсене қатысып, тәжірибесін үнемі жаңартып отырады. Атап айтқанда, «Отбасы және мектептің әлеуметтік серіктестігі: дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық конференцияға, сондай-ақ «Құндылыққа негізделген білім – қауіпсіз болашақ кепілі» атты республикалық конференцияға қатысып, білімін шыңдады.

🔻Оның іс-тәжірибесі Назарбаев зияткерлік мектебі мен Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Креативті педагог: пәндерді оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану» семинарында таратылып, кәсіби ортада оң бағасын алды. Сонымен қатар, ол «Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жолдары» атты облыстық семинарда және «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кейс-сессияларда тәжірибе алмасып келеді.

🔲Малика Сәкенқызы – тек тәжірибелі әдіскер ғана емес, сонымен бірге қаламы жүйрік, ойы ұшқыр маман. Оның мақалалары республикалық және облыстық басылымдарда жиі жарияланып тұрады. Атап айтқанда, «Білімді ел», «Ақтөбе» және «Шалқар» аудандық газетінде білім мен тәрбие мәселелеріне арналған мазмұнды мақалалары жарық көрген.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности