+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 13 мая 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін қасиетті мамандық иесі. Осындай шәкірт жүрегінен орын алған білікті педагогтардың бірі – Қыдырова Айнагүл Болатқызы. Қыдырова Айнагүл Болатқызы 1974 жылы 19 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір станциясында дүниеге…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📘 Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін қасиетті мамандық иесі. Осындай шәкірт жүрегінен орын алған білікті педагогтардың бірі – Қыдырова Айнагүл Болатқызы.

📚 Қыдырова Айнагүл Болатқызы 1974 жылы 19 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір станциясында дүниеге келген. 1991 жылы орта мектепті тәмамдап, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтына оқуға түседі. 1995 жылы «Математика-информатика пәндерінің мұғалімі» мамандығын алып, еңбек жолын Бершүгір қазақ-орыс мектебінде бастады.

🌟 2009 жылдан бастап Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қызмет атқарып келеді. Ұзақ жылдық тәжірибесінің нәтижесінде педагог-зерттеуші санатына ие болған ұстаз – жаңашылдыққа бейім, кәсіби біліктілігі жоғары маман.

🎓 Айнагүл Қыдырова шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты міндеті санайды. Оның оқушылары республикалық, облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп мерейін асырып жүр.

🏆 Ұстаздың еңбегі түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары бағаланып келеді. 2024 жылы өткен «Педстарт» І республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар облыстық математикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, І дәрежелі диплом иеленді. «Заманауи педагогикалық технологиялардың дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мен «Жаңа ғасыр таланттары» орталығы ұйымдастырған байқауларда да шәкірттері жоғары нәтижелер көрсетті.

💐 Айнагүл Қыдырова қарапайымдылық пен парасаттылықты бойына сіңірген, өз ісіне адал ұстаз. Әріптестері арасында құрметке ие болып, шәкірттерінің жүрегінен ерекше орын алған білікті маман.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности