+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 21 сентября 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеп, бойына адамзаттық құндылықтарды сіңірген, өзін-өзі дамытатын тұлға тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі – Ахметова Жанаргүл Жәкешқызы. Жанаргүл Ахметова – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

🧩Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеп, бойына адамзаттық құндылықтарды сіңірген, өзін-өзі дамытатын тұлға тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі – Ахметова Жанаргүл Жәкешқызы.

📝Жанаргүл Ахметова – Ақтөбе облысы

Қобда ауданы Бегалы негізгі мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі. Ол педагогика ғылымының магистрі, педагог-зерттеуші санатына ие тәжірибелі ұстаз әрі екінші санатты басшының орынбасары. Білім саласында 22 жыл еңбек етіп келеді.

🔰Кәсіби жолында ұстаз көшбасшылығымен, еңбекқорлығымен, адалдығымен, әріптестерімен тіл табыса білетіндігімен ерекшеленеді. Білімін үздіксіз жетілдіріп, жаңашылдыққа ұмтылып жүрген Жанаргүл Ахметова жас мамандарға тәлімгерлік жасап, көптеген шәкірт тәрбиелеп отыр.

📚Жанаргүл Жәкешқызы педагогикалық шеберлігі мен еңбектегі табыстары үшін 2019 жылы Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Өрлеу» БАҰО Алғыс хатымен марапатталды, 2023 жылы облыстық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасында І орын иеленді, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінде ІІ орынға, облыстық «Үздік сабақ жоспары» байқауында ІІІ орынға ие болды, ал 2025 жылы «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО олимпиадасының жеңімпазы атанып, «Дарын» РҒПО ұйымдастырған «ПедСтарт» олимпиадасынан ІІ дәрежелі диплом жеңіп алды.

📋Жанаргүл Жәкешқызының шәкірттері де түрлі деңгейдегі білім додаларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Олар республикалық, облыстық және аудандық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда, шәкірттері «Кенгуру» халықаралық математикалық ойын конкурсы, «Алтын сақа», «Бастау», «Smart оқушы» сияқты зияткерлік олимпиадаларда І, ІІ, ІІІ орындарға қол жеткізді. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында, «Мұқағали оқулары» байқауында, «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасында жеңімпаз атанып, «Зерде» шығармашылық жобалар байқауының облыстық және республикалық кезеңдерінде жүлделі орындар иеленді. Шәкірттері арасынан «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері де шықты. Бұл жетістіктер ұстаз еңбегінің жемісі әрі шәкірттеріне бағыт-бағдар берудегі үздіксіз ізденісінің нәтижесі.

🔹Білімі мен еңбегін шәкірт тәрбиесіне арнаған Ахметова Жанаргүл Жәкешқызы әріптестеріне үлгі, шәкірттеріне шамшырақ бола білген өз ісінің шебері.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности