+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 20 октября 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі тұлғалардың бірі. Себебі, ұстаз – білімнің шамшырағы, рухтың тірегі, адамдықтың айнасы. Осындай абыройлы мамандық иелерінің бірі – Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✏️Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі тұлғалардың бірі. Себебі, ұстаз – білімнің шамшырағы, рухтың тірегі, адамдықтың айнасы. Осындай абыройлы мамандық иелерінің бірі – Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Тілесова Лайық Жалғасбайқызы.

📝Лайық Тілесова еңбек жолын Ембі қаласындағы №2 мектепте бастап, алғашқы ұстаздық тәжірибесін жинақтады. Кейін Бершүгір қазақ-орыс мектебінде, Шалқар қаласындағы №1 мектепте қызмет атқарып, 2009 жылы жаңа ашылған №8 мектеп-гимназияға ауысты.

📑Білімін жетілдіруді өмірлік ұстаным еткен педагог 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, ал 2023 жылы Ақтөбе қазақ-орыс халықаралық университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдап, кәсіби шеберлігін үнемі арттырып келеді.

📄Бүгінде ұстаздық еңбек өтілі – 32 жыл. Осы жылдар ішінде ол саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, шәкірттеріне білім мен тәрбие беруде зор жетістіктерге жетті.

🗞️Шәкірттерінің жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-шығармашылық орталығы ұйымдастырған байқауларда Лайық апайдың тәрбиеленушілері жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 2023 жылы өткен І Республикалық «Жаңашыл ұстаз» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталуы – оның кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Сондай-ақ республикалық «TeachStart-2024» педагогикалық олимпиадасында І орын алып, үздік ұстаздар қатарынан көрінді.

⭐️Еңбегі еленіп, 2022 жылы білім беру саласындағы жемісті қызметі үшін Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Ұстазы» төсбелгісімен марапатталды. Сол жылы есімі республикалық «Озаттар – білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына» енді. 2024–2025 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

📝 Бүгінде Тілесова Лайық Жалғасбайқызы ұстаздық жолда жарқын жетістіктерге жетіп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген тәжірибелі педагог. Қарапайымдылығы мен адамгершілігі, кәсіби шеберлігі мен парасаттылығы оны әріптестері мен ата-аналар арасында ерекше құрметке бөлейді. Ол – өз мамандығына адал, шәкіртін биікке жетелеген, ұстаздық абыройын асқақтатқан тұлға.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности