+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 27 октября 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Сейтжанова Гүлжазира Нағиқызы – білім беру саласында айшықты қолтаңбасын қалдырған, өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне нұр құятын ұлағатты ұстаз. Болашақ мамандығына деген қызығушылығын ерте аңғарған Гүлжазира Сейтжанов мектеп қабырғасынан-ақ жаратылыстану…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📍Сейтжанова Гүлжазира Нағиқызы – білім беру саласында айшықты қолтаңбасын қалдырған, өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне нұр құятын ұлағатты ұстаз.

🧩Болашақ мамандығына деген қызығушылығын ерте аңғарған Гүлжазира Сейтжанов мектеп қабырғасынан-ақ жаратылыстану ғылымдарына ерекше ықылас танытты. Сол арман жетегінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін тәмамдап, биология пәнінің мұғалімі мамандығын алды.

✏️2002 жылдан бастап білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан ұстаздың педагогикалық өтілі – 23 жыл. Қазіргі таңда ол Шалқар қаласындағы І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарып, білімнің биік шыңына жетелеуде. Өз ісінің хас шебері саналатын ұстаз бүгінде педагог-зерттеуші санатына ие кәсіби білікті маман ретінде танылып отыр.

📄Гүлжазира Сейтжанованың үздіксіз еңбегі мен тынымсыз ізденісі түрлі марапаттармен айқындалады. Ол Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ облыстық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегері. 2025 жылы ІІ республикалық педагогикалық олимпиададан ІІ орын, «Ізденіс жолы – 2025» облыстық байқауынан ІІІ орын, «Білікті ұстаз» республикалық олимпиадасынан жүлделі орын, сондай-ақ «Үздік педагог» және «Педстарт» республикалық пәндік олимпиадаларында І орын иегері атанды. Ұстаздың ғылыми-әдістемелік мақалалары облыстық конференция жинақтарында жарияланып, 2025 жылы «Ақтөбе ұстазы» газетінде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – сапалы білім кепілі» атты мақаласы жарық көрді.

🗞️Ұстаз еңбегінің басты нәтижесі – шәкірт жетістігі. Гүлжазира Нағиқызының тәрбиелеп отырған оқушылары да түрлі білім додаларында жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Шәкірттері «Бастау» республикалық олимпиадасынан, «Абай» пәндік олимпиадасының республикалық кезеңінен, сондай-ақ «Сапсан», «Талапкер – 2024» және облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастырған байқаулардан жүлделі І және ІІ орындарды иеленіп, ұстаз мерейін үстем етті.

✅Осы еңбектер мен жетістіктер – ұстаздың шәкіртке деген жанашырлығы мен кәсібіне деген сүйіспеншілігінің айғағы. Ұстаздық жолдың ауыр да абыройлы екенін жүрегімен сезінген Сейтжанова Гүлжазира Нағиқызы – өз ісінің шынайы шебері, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті педагог.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности