+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 11 ноября 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – ұлттың рухани шамшырағы, қоғамның ең құрметті тұлғаларының бірі. Өз мамандығына деген адалдығы мен жауапкершілігі арқылы шәкірттеріне үлгі болып жүрген сондай жандардың бірі – Айымбетова Әсемкүл Қарыбайқызы. Әсемкүл Айымбетова 1977 жылы Ақтөбе облысы…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✏️Ұстаз – ұлттың рухани шамшырағы, қоғамның ең құрметті тұлғаларының бірі. Өз мамандығына деген адалдығы мен жауапкершілігі арқылы шәкірттеріне үлгі болып жүрген сондай жандардың бірі – Айымбетова Әсемкүл Қарыбайқызы.

📝Әсемкүл Айымбетова 1977 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтын «Химия және тәрбие жұмысының әдіскері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылдан бері білім саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Еңбек өтілі – 27 жыл.

🔰Қазіргі таңда Шалқар қаласындағы І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте химия пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Ол – педагог-зерттеуші санатындағы кәсіби шебер, жаңашыл ұстаз.

❇️Ұзақ жылғы еңбегі мен үздіксіз ізденісі түрлі марапаттармен айшықталған. Ол Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, «Заманауи сабақ – мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық байқауының І дәрежелі дипломымен, «Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар» курсы аясындағы Алғыс хатпен, «Біртұтас кеңістік: оқыту пәндерін инновациялау модельдері» республикалық педагогикалық олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен, сондай-ақ «PISA – ұлттық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіші» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына енген мақаласымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ол «Педстарт» республикалық пәндік олимпиадасында І орынға (2024 ж.) ие болып, аудандық шығармашылық байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

📎Ұстаз еңбегінің басты жемісі – оның шәкірттері. Әсемкүл Айымбетованың оқушылары республикалық және облыстық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

Іңкәр Имамадин «TALAPKER–2024» республикалық пәндік олимпиадасында ІІ орын, Шапағат Алтынбаев «Алтын ұрпақ» олимпиадасында ІІІ орын, ал «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасында бірнеше оқушысы І орынға ие болған. Сондай-ақ «Ақбота» пәндік олимпиадасында І орын, «Абай олимпиадасында» Жаннұр Қасымхан мен Нұргелді Есіркепов ІІ орын, ал аудандық пәндік олимпиадада (2024) Ұзақбаева Назым ІІ орынға қол жеткізген.

🔆Айымбетова Әсемкүл Қарыбайқызы – аудан мен облыс көлемінде кәсіби шеберлігімен танылған, жаңашылдығымен ерекшеленетін ұстаз. Оның табандылығы мен ізденісі шәкірттерінің жетістігімен өлшенеді. Шынайы еңбегі мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі оны өз ісінің нағыз шебері етіп танытады.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности