+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 19 ноября 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Білім беру жүйесінің дамуы мен сапасын арттыруда әр мұғалімнің еңбегі айрықша рөл атқарады. Жүрегімен бала тәрбиелеп, өзінің кәсібіне адал қызмет етіп келе жатқан сондай ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қорғантұз жалпы орта білім беретін…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚Білім беру жүйесінің дамуы мен сапасын арттыруда әр мұғалімнің еңбегі айрықша рөл атқарады. Жүрегімен бала тәрбиелеп, өзінің кәсібіне адал қызмет етіп келе жатқан сондай ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қорғантұз жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Оразаева Раушан Ердіғалиқызы. Ол өзінің әдістемелік ізденісімен, шәкірт тәрбиелеудегі табандылығымен және мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігімен әріптестеріне үлгі болып келеді.

📗Раушан Оразаева Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Байқадам елдімекенінде дүниеге келіп, 2004 жылы Қорғантұз орта мектебін үздік аяқтады. 2007 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін, кейін Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетті тәмамдап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алды. 2009 жылдан бері Қорғантұз мектебінде үздіксіз еңбек етіп келеді.

📎Шебер педагог бастауыш сыныптың төрт бірдей буынын білімнің келесі сатысына дайындап, әр баланың бойындағы қабілетті ашуды, білімге деген қызығушылығын арттыруды басты міндеті санайды. Сабақтарын мазмұнды, қызықты өткізіп, оқушыларды ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулып келеді. Оның алғашқы шәкірттері Ақтөбе мен Астана қалаларында жоғары білім алып, бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етуде. Бірнеше шәкірті облыстық және республикалық «Дарынды оқушы» олимпиадаларында І орын иегері атанып, «Мың бала – 2021» жобасында жүлделі орындарға ие болды. Сынып оқушылары мектепішілік шараларда белсенділігімен көзге түсіп, ұстаз сенімін ақтап келеді.

🖇️Раушан Оразаева облыстық пәндік олимпиаданың ІІІ орын, республикалық «PedTriumph» олимпиадасының І орын жүлдегері атанып, жылдар бойы мектеп, аудан, облыс деңгейіндегі марапаттар мен кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарына ие болған тәжірибелі ұстаз.

📌Бүгінгі таңда Оразаева Раушан Ердіғалиқызы – тәжірибесі толысқан, әр оқушының жан-жақты дамуына ықпал ете алатын, білім сапасын арттыруға бағытталған жаңашыл көзқарасқа ие педагог. Шәкірттерінің жетістігі – еңбегінің айқын дәлелі, ал ұстаздыққа деген адалдығы – жас мамандарға үлгі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности