+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 18 мая 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін қасиетті мамандық иесі. Шәкірттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Алдиярова Нұргүл Алтынбекқызы. Ол – өз…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚 Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін қасиетті мамандық иесі. Шәкірттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Алдиярова Нұргүл Алтынбекқызы. Ол – өз ісінің нағыз шебері, жүрегі кең, парасатты, тәжірибелі ұстаз.

🌿 Алдиярова Нұргүл Алтынбекқызы 1982 жылдың 1 қаңтарында Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Байқадам ауылында дүниеге келген. Алғашқы білімін Қорғантұз орта мектебінде алып, кейін Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Бастауыш сынып және орыс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.

✨ Ұстаздық жолды таңдаған Нұргүл Алдиярова еңбек жолын 2003 жылы өзі білім алған Қорғантұз орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Ал, 2009 жылдан бастап №8 жалпы орта білім беретін мектепте еңбек етіп келеді. Бүгінде ол – жоғары білікті, тәжірибелі педагог-зерттеуші ретінде танылып отыр.

🎓 2012–2013 жылдары Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік оқу курсынан өтіп, заманауи білім беру әдістерін меңгерді. Өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын ұстаз алған тәжірибесін оқу үдерісінде тиімді пайдаланып келеді. Сонымен қатар «Ынтымақ» желілік қоғамдастығының белсенді мүшесі ретінде түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысып, спикер ретінде әріптестерімен тәжірибе алмасып жүр.

🖋️ Нұргүл Алдиярованың республикалық басылымдарда жарияланған мақалалары – оның білім беру саласына қосқан сүбелі еңбегінің дәлелі. Ол шәкірттердің білім сапасын арттырумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға да ерекше көңіл бөледі.

🏆 Ұстаздық қызметтегі 22 жыл ішінде Нұргүл Алдиярова талай шәкірттің жүрегіне жол тауып, олардың болашағына бағыт-бағдар бере білді. Оның шәкірттері республикалық және облыстық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, бүгінде жоғары оқу орындарында, тіпті шетелдерде білім алып, елге қызмет ететін білікті мамандар қатарына қосылып келеді.

💐 Білім беру саласында мол тәжірибе жинақтаған, кәсіби шеберлігі жоғары педагог-зерттеуші Нұргүл Алтынбекқызының еңбегі – жас ұрпақтың сапалы білім алып, тұлға болып қалыптасуына қосылған зор үлес…

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности