+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 27 ноября 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Есқали Зағи Алмағамбетқызы - Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі, ІІ санатты басшы, педагог-зерттеуші. Есқали Зағи Алмағамбетқызы – жоғары білікті, шығармашыл, кәсіби…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Есқали Зағи Алмағамбетқызы - Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі, ІІ санатты басшы, педагог-зерттеуші. Есқали Зағи Алмағамбетқызы – жоғары білікті, шығармашыл, кәсіби шеберлігімен және жауапкершілігімен ерекшеленетін білікті басшы.

Ол мектепке дейінгі ұйымды тиімді басқаруда, заманауи білім беру талаптарына сай оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда және инновациялық идеяларды енгізуде айрықша жетістіктерге жеткен. Оның басшылығымен «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы білім беру сапасын арттыру, тәрбиеленушілердің танымдық және экологиялық мәдениетін дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар атқаруда.

Балабақша «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының жүзеге асырылуын қолдау және экологиялық білім беруді дамыту, балалардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасының 02.09.2022 жылғы №150-нқ/1 бұйрығына сәйкес «Жасыл балабақша» пилоттық жобасына енгізіліп, «тірек білім беру ұйымы» ретінде бекітілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 01.07.2023 жылғы №192 бұйрығына сәйкес, «Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру» жобасы аясында Республикалық құзыреттілік орталығы мәртебесіне ие болды.

Бұл жетістік – мекеме қызметінің жоғары сапасын және Есқали Зағи Алмағамбетқызының басқарушылық шеберлігін айғақтайды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы Қызылорда облысы бойынша «Үздік білім беру ұйымы» атағына ие болды.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауында үшінші орын иеленіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы үздік тәжірибесін республика көлемінде дәлелдеді.

Есқали Зағи Алмағамбетқызының еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, 2024 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Осы жетістіктің нәтижесінде «Біркөлік» шипажайына арнайы жолдама берілді.

Зағи Алмағамбетқызы – өз мамандығын шынайы сүйетін, ұжым арасында беделді, жаңашыл көзқарастағы, қоғам мен ата-аналар тарапынан зор құрметке ие басшы. Оның еңбегі мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға және өңірдегі педагогикалық тәжірибені дамытуға үлкен үлес қосуда.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности