+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 01 декабря 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Жас ұрпақты арман асуына жетелеп, білімнің биік шыңына көтеретін – ұстаз. Ұстаздың жарқын бейнесі мен білімге деген құштарлығы шәкірт жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз. Өзі тәлім берген әрбір баланың бойына адамзаттық құндылықтарды сіңіріп, оларды биік…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✒️Жас ұрпақты арман асуына жетелеп, білімнің биік шыңына көтеретін – ұстаз. Ұстаздың жарқын бейнесі мен білімге деген құштарлығы шәкірт жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз. Өзі тәлім берген әрбір баланың бойына адамзаттық құндылықтарды сіңіріп, оларды биік мақсаттарға бағыттайтын сондай жанның бірі – Мадина Ізбасова.

📖Ізбасова Мадина Таженқызы – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы негізгі мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі мұғалімі. Оның педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл. Еңбек жолын 1998 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін білім саласында үздіксіз қызмет етіп келеді.

🗞️Ұстаздың жоғары кәсібилігі көптеген марапаттарға ие болуымен дәлелденеді. Орыс тілі пәні мұғалімдері арасында өткен облыстық педагогикалық олимпиадада І орынға ие болып, «Лучший учитель русского языка и литературы в классах с нерусским языком обучения» облыстық байқауының жүлдегері атанған. Республикалық деңгейдегі Дәстүрлі Интернет олимпиадасында оқушылардың белсенділігін арттыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталған. Сонымен қатар республикалық орыс тілі олимпиадасында І дәрежелі дипломға ие болып, «КИО» республикалық олимпиадасында І орынды қанжығасына байлаған. Педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық еңбегі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын иеленіп, жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетістіктері үшін облыстық деңгейде тағы бір Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ алғаш рет тағайындалған Ақтөбе облысы әкімінің грантының иегері атануы – ұстаз еңбегінің елеулі бағасы.

📝Мадина Ізбасованың шәкірттері де түрлі облыстық және аудандық байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізіп, ұстаз еңбегінің нәтижесін көрсетіп жүр.

✏️Білімі терең, жүрегі мейірімге толы, өз ісіне адал Мадина Ізбасова бүгінгі қоғамға қажет жан. Ол – оқушыларының жүрегіне жарық сыйлап, өмір жолына сенімді қадам басуға жетелейтін нағыз ұстаз, өз ісінің шебері.

Все новости

Читайте также

  • САХНАҒА СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    САХНАҒА СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҰСТАЗ

    24.09.2026
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
    Новости территориальных организаций

    БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

    24.09.2026
  • В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ – ПЕДАГОГ
    Новости территориальных организаций

    В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ – ПЕДАГОГ

    24.09.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности