+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 07 декабря 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында табанды еңбек етіп, әдістемелік ізденісін жетілдіріп келе жатқан білікті ұстаздардың бірі – Ерғуатова Шолпан Орынбасарқызы. Ерғуатова Шолпан Орынбасарқызы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосында дүниеге…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

💠Бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында табанды еңбек етіп, әдістемелік ізденісін жетілдіріп келе жатқан білікті ұстаздардың бірі – Ерғуатова Шолпан Орынбасарқызы.

📑Ерғуатова Шолпан Орынбасарқызы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосында дүниеге келген. 2000–2004 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде білім алып, биология пәні мұғалімі мамандығын меңгерді. Еңбек жолын 1999–2000 жылдары Қалалыкөл негізгі мектебінде бастаған. 2000–2007 жылдары Дүкен негізгі мектебінде қызметін жалғастырды. 2010 жылдан бері №1 қазақ орта мектебінде биология пәнінен сабақ береді. Педагогикалық өтілі 26 жыл, санаты педагог-зерттеуші.

📖Шолпан Ерғуатова «Биология сабақтарында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды тиімді қолдану» тақырыбында нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы зерттеу жұмысының негізінде Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен облыс көлемінде шығармашылық шеберхана ашып, өз іс-тәжірибесін әріптестеріне таратты.

📄Ізденімпаз әрі жаңашыл педагог аудандық және облыстық сайыстарда мектеп абыройын асқақтатып жүр. 2020 жылы Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Үздік биология пәнінің мұғалімі – 2020» байқауында аудандық кезеңнің Бас жүлдесін, облыстық кезеңнің ІІІ орнын иеленді. Ұстаздың қажырлы еңбегі лайықты түрде бағаланып келеді. Ол облыстық білім басқармасының, облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының және облыс әкімінің марапаттарына ие болған.

📝Оқушылары да облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар алып, ұстаз еңбегінің нәтижесін дәлелдеп келеді. Жас ұрпақ тәрбиелеудегі табыстары үшін бірнеше рет аудандық және облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының жолдамасымен марапатталды.

✔️Адал еңбек адамды әрдайым биікке жетелейді. Ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, өз міндетін жауапкершілікпен атқаратын, тәжірибесі мол әрі жаңашылдыққа ұмтылған Шолпан Орынбасарқызы өз ісінің шынайы шебері. Оның еңбегі мен жетістіктері жас ұрпақты тәрбиелеудегі табандылықтың, ізденістің және еңбекқорлықтың жарқын үлгісі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности