+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 21 декабря 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз — ел болашағын тәрбиелейтін, қоғамның берік тірегі. Оның еңбегі өлшеусіз, әрбір жасаған ісі келер ұрпаққа өнеге. Осындай өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті педагогтардың бірі — Айтілесова Рахима Оразалықызы. Рахима Айтілесова Ақтөбе…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✒️Ұстаз — ел болашағын тәрбиелейтін, қоғамның берік тірегі. Оның еңбегі өлшеусіз, әрбір жасаған ісі келер ұрпаққа өнеге. Осындай өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті педагогтардың бірі — Айтілесова Рахима Оразалықызы.

🗞️Рахима Айтілесова Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылында дүниеге келген. Бала тәрбиесіне деген сүйіспеншілігі оны педагогика саласына жетелеп, 2008 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша тәмамдады.

📄Еңбек жолын 2011 жылы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылындағы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші қызметінен бастаған ол бүгінде осы салада табанды еңбек етіп келеді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі — 15 жыл. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, үнемі ізденіс үстінде жүретін білікті маман педагог-модератор біліктілік санатына ие.

📎Рахима Айтілесованың еңбегі мен кәсіби шеберлігі жылдар бойы еленіп, түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, 2025 жылы «Мектепке дейінгі білім берудегі ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу жолдары» тақырыбындағы семинарда кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ «Абай оқулары – 2025» байқауына тәрбиеленушілерін белсенді қатыстыру арқылы жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың мұрасын дәріптеуге зор үлес қосқаны үшін Алғыс хат пен Құрмет грамотасына ие болды. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Менің үздік тобым» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі диплом иеленді.

📚Айтілесова Рахима Оразалықызы — өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, бала тәрбиесіне бар жан-тәнімен берілген, жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген білікті ұстаз. Оның еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности