+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 23 декабря 2025

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастыратын, әрбір шәкірттің жүрегіне білім мен тәрбиенің алғашқы дәнін егетін қасиетті мамандық иесі. Осындай биік міндетті абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі – Ырғыз ауданы «Аққайың» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

✏️Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастыратын, әрбір шәкірттің жүрегіне білім мен тәрбиенің алғашқы дәнін егетін қасиетті мамандық иесі. Осындай биік міндетті абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі – Ырғыз ауданы «Аққайың» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Бақтыбаева Қалдыгүл Жақсылыққызы.

📄Қалдыгүл Бақтыбаева еңбек жолын «Аққайың» балабақшасында музыка жетекшісі болып бастап, сол күннен бастап бүгінге дейін жас ұрпақ тәрбиесіне адал қызмет етіп келеді.

📚Білім беру саласында 29 жылға жуық еңбек өтілі бар, «Педагог-зерттеуші» санатына ие тәжірибелі маман әріптестері арасында сыйлы, өз ортасында абыройлы ұстаз ретінде танылған. Қалдыгүл Бақтыбаева ән мен әуенді баланың шығармашылық ой-өрісін кеңейтетін, рухани дүниесін байытатын қуатты құрал ретінде қолдана отырып, бүлдіршіндердің өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып келеді.

✒️Ұстаз еңбегінің нәтижесі оның жетістіктерінен де айқын көрінеді. Қалдыгүл Жақсылыққызы «Alem Science» халықаралық ғылыми журналы ұйымдастырған «Үздік мақала» номинациясы бойынша I орынға ие болып, «Балабақшадағы музыкалық тәрбие құндылықтары» тақырыбындағы еңбегі үшін сертификатпен марапатталған. Сонымен қатар, «Жұлдыз» продюсерлік орталығының Құрмет дипломы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Үздік ашық сабақ» байқауының II дәрежелі дипломы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты және өзге де марапаттар – ұстаз еңбегінің жоғары бағаланғанының дәлелі.

📘Педагогтың авторлық еңбектері де білім беру саласына тың серпін беріп отыр. «Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық дамуын жетілдіру», «Салт-дәстүр – асыл қазынам» әдістемелік құралдары, халықаралық журналдарда жарияланған мақалалары әріптестеріне тәжірибелік көмек көрсетіп келеді.

🖊️ Қалдыгүл Жақсылыққызы – өнер арқылы тәрбие беріп, жас ұрпақтың рухани дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан, өз ісінің нағыз шебері, өнегелі ұстаз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности