+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 09 марта 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаздық мамандығын абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы тәжірибелі мұғалім, педагог-зерттеуші Ниязов Серік Ұзақбайұлы. Адал еңбек адамды әрдайым биікке жетелейді. Ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, өз міндетін…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Ұстаздық мамандығын абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы тәжірибелі мұғалім, педагог-зерттеуші Ниязов Серік Ұзақбайұлы.

Адал еңбек адамды әрдайым биікке жетелейді. Ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, өз міндетін жауапкершілікпен атқаратын, тәжірибесі мол әрі жаңашылдыққа ұмтылған Серік Ұзақбайұлын өз ісінің шынайы шебері деп айтсақ болады. Оның еңбегі мен жетістіктері жас ұрпақты тәрбиелеудегі табандылықтың, ізденістің және еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Ол еліміздегі қиын кезең пандемия уақыттарында Республика оқушыларын еріктілер қоғамымен бірлесіп ҰБТ-ге онлайн дайындап жұмыс атқара білді. «Балапан» телеарнасында көрсетілген география пәні бойынша онлайн сабақтың сарапшысы қызметін атқарып, білім және ғылым министрінің алғыс хатын иеленді. Алыс-жақын бірнеше шет елдерде өз іс-тәжірбиесін бөліскен тәжірибелі педагог.

Серік Ұзақбайұлы «География пәнінде оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары» тақырыбында әдістемелік жұмыстармен нәтижелі көрсеткішке ие болып келеді. Осы зерттеу жұмысының негізінде оқушылары республикалық жалпы пәндік олимпиадаларда бірнеше мәрте жұлдегер, пәндік олимпиада нәтижесінде оқушысы Жақсылық Елдос «Үздік ауыл оқушысы-2019» атағын министр қолынан иеленген.

Ізденімпаз әрі жаңашыл педагог облыстық, республикалық сайыстарда Қызылорда облысының абыройын асқақтатып жүр. Ол «Үздік педагог - 2023» байқауында республикалық кезеңінің жүлдегері, Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2023» байқауының жүлдегері, Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Олимп шыңы-2025» пәндік олимпиаданың жүлдегері болып табылады.

Ұстаздың қажырлы еңбегі лайықты түрде бағаланып келеді. Ол оқу-ағарту министрлігінің, облыстық білім басқармасының, облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының және облыс әкімінің марапаттарына, төсбелгілеріне ие болған.

Ниязов Серік Ұзақбайұлы – тек өз ісінің шебері ғана емес, білім саласына адал қызмет етіп келе жатқан, ұрпақ тәрбиесіне шын жүректен үлес қосқан еңбек адамы. Оның өнегелі жолы – жас ұстаздарға үлгі, шәкірттеріне бағдар, қоғамға құнды еңбек.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности