+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 10 марта 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұрпақ тәрбиесі – ұлы міндет. Осы жауапты жолда талай шәкірттің білімге деген құштарлығын оятып, саналы азамат қалыптастыруға үлес қосып жүрген ұстаздардың бірі – Табынбаева Самал Алиқызы. Самал Табынбаева – Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚Ұрпақ тәрбиесі – ұлы міндет. Осы жауапты жолда талай шәкірттің білімге деген құштарлығын оятып, саналы азамат қалыптастыруға үлес қосып жүрген ұстаздардың бірі – Табынбаева Самал Алиқызы.

🖇️Самал Табынбаева – Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Ол 1979 жылы 25 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген. 1996 жылы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Ақтөбедегі «Дүние» университетіне оқуға түседі. 2000 жылы аталған оқу орнын «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын бастайды.

🧷Алғашқы еңбек жолын Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі ретінде бастап, бес жыл еңбек етеді. 2005 жылы Бегімбет ауылына қоныс аударуына байланысты Б.Сүлейменов атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып орналасады. 2009 жылы отбасылық жағдайымен Шалқар қаласына қайта көшіп келіп, №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында еңбек жолын жалғастырады. 2010–2011 оқу жылында 1-сыныпты қабылдап алып, содан бері талай шәкірттің білім нәрімен сусындауына ықпал етіп келеді. Бүгінде оның алғашқы шәкірттері түрлі салада білімді де білікті маман болып қалыптасуда.

📋Самал Табынбаева – оқушыларын білім бәйгесіне баптап, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарға дайындап жүрген тәжірибелі ұстаз. Оның шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

📕Ұстаздың өзі де кәсіби шеберлігін шыңдап, түрлі байқаулар мен ғылыми-әдістемелік жобаларға белсенді қатысып келеді. 2023 жылы өткен «Жаңашыл ұстаз» І республикалық байқауында І дәрежелі диплом иеленді. Сондай-ақ «Дарынды педагогикалық қолдау: жаңалықтар, мәселелер, жетістіктер» атты зерттеу жобасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2023 жылы «Латын графикасы арқылы “Мәңгілік елге” қадам басу факторларын педагогикалық тұрғыдан зерделеу» тақырыбындағы конференцияда «Үздік баяндама» номинациясы бойынша ІІ орын алды.

📗Самал Табынбаеваның еңбегі республика көлемінде де жоғары бағаланған. Ол білім беру саласына қосқан үлесі үшін 2022 жылы Алматы қаласында «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар оның есімі «Озаттар – білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы» жинағына енгізілді.

📖2024 жылы республикалық «TeachStart-2024» педагогикалық олимпиадасында І орын иеленсе, 2024–2025 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2025 жылы «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы мен «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік сабақ» байқауында І орын алды.

📰Табынбаева Самал Әлиқызы – өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, ізденісті серік еткен білікті ұстаз. Ол шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мұрат санайды. Ұжымда құрметке ие, шәкірт тәрбиесіне бар күш-жігерін арнаған ұстаз – білім саласының тәжірибелі маманы.

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности