+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 17 марта 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Шәкірт жүрегіне жол таба білген, өз ісінің нағыз маманы, білікті педагогтардың бірі – Қоңыратбаева Сағира Қуандыққызы. Сағира Қоңыратбаева - Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Ол 1984–1986 жылдар аралығында Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде білім…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚Шәкірт жүрегіне жол таба білген, өз ісінің нағыз маманы, білікті педагогтардың бірі – Қоңыратбаева Сағира Қуандыққызы.

🖇️Сағира Қоңыратбаева - Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Ол 1984–1986 жылдар аралығында Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде білім алып, еңбек жолын осы салада бастайды. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 1990–1994 жылдары Шымкент педагогикалық мәдениет институтында оқуын жалғастырды.

📋Еңбек жолын 1987–1998 жылдары мәдениет саласында бастаған ұстаз, 2010 жылдан бастап №6 жалпы орта білім беретін мектепте музыка пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарып келеді. Бүгінде ол осы білім ордасында абыройлы еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Педагогикалық еңбек өтілі – 15 жыл, біліктілік санаты – педагог-зерттеуші.

📃Сағира Қоңыратбаева әр сабағын ерекше ықыласпен өткізіп, оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыруға бар күш-жігерін салады. Ол әр баланың бойындағы ән айту қабілетін, ырғақ сезімін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнауға баулиды. Әсіресе, ұлттық өнерді дәріптеуге ерекше көңіл бөліп, оқушыларға домбыра тартуды үйретіп келеді.

📕Ұстаздың бастамасымен мектепте домбырашылар ансамблі құрылып, оқушылар түрлі мерекелік шараларда өнер көрсетіп жүр. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде оның шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.

📖Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық өнер фестивалінде «Жас талап» домбырашылар ансамблі I орынға ие болса (2024 ж.), аудандық «Тәуелсіздік жұлдыздары» өнер байқауында Бас жүлдені жеңіп алды (2026 ж.). Сонымен қатар, облыстық пәндік олимпиадаларда да жүлделі I орындарды иеленіп келеді.

🖇️Қоңыратбаева Сағира Қуандыққызы – шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен, өз ісіне адал, шығармашыл ұстаз. Оның еңбегі өскелең ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан зор үлес.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности