+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 21 мая 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететін мамандық. Сол жолда өз кәсібіне адал болып, шәкірт жүрегіне білім нұрын себе білген жандардың бірі – физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сайлау Айжан. 19 жылдық еңбек тәжірибесі бар ойылдық…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚 Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететін мамандық. Сол жолда өз кәсібіне адал болып, шәкірт жүрегіне білім нұрын себе білген жандардың бірі – физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сайлау Айжан.

🌟 19 жылдық еңбек тәжірибесі бар ойылдық Айжан Сайлау ұстаздық жолын Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжінен бастаған. Физика пәнінің күрделі тақырыптарын оқушыларға қарапайым әрі түсінікті жеткізе білуі оның кәсіби ерекшелігінің біріне айналды.

🏫 2008–2013 жылдары Ойыл қазақ орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілетін көрсетті.

🎓 2013–2016 жылдары Құрман орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Ал, 2016 жылдан бастап Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында ұстаздық қызметін жалғастырып келеді.

🏆 Айжанның кәсіби шеберлігі облыстық физика пәні мұғалімдері олимпиадасындағы жетістіктерінен анық көрінеді. Ол бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болып, өңірдегі үздік физика мұғалімдерінің қатарынан көрінді. Сонымен қатар, облыстық семинар-практикумдарда тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп келеді. Әріптестері арасында ізденімпаз әрі білікті педагог ретінде танылған.

🥇 Ұстаздың басты жетістігі – шәкірттері. Оның жетекшілігімен оқушылар аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

👩‍👧‍👦 Айжан Сайлау – тек білікті ұстаз ғана емес, өнегелі отбасының ұйытқысы, төрт баланың ардақты анасы. Ұстаздық пен аналық міндетті қатар алып жүрген жанның өмір жолы көпке үлгі.

✨ Айжан Сайлау – өз ісіне берілген, білім саласында өзіндік қолтаңбасы бар ұстаз. Оның еңбек жолы үздіксіз ізденіс пен шәкірт тәрбиесіне арналған қажырлы еңбектің айғағы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности