+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Новости территориальных организаций 18 марта 2026

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен жүрек қалауынан туындайтын қасиетті миссия. Осы жолда аянбай еңбек етіп, шәкірт санасына білім мен тәрбие нәрін сіңіріп жүрген жандардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті мұғалімі Клютова…

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📃Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен жүрек қалауынан туындайтын қасиетті миссия. Осы жолда аянбай еңбек етіп, шәкірт санасына білім мен тәрбие нәрін сіңіріп жүрген жандардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті мұғалімі Клютова Гүлназ Жауғаштықызы.

📋Гүлназ Клютова - 1981 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданының Сөгәлі ауылында дүниеге келген. Туған ауылындағы мектептен білім алып, сол білім ордасында өзінің еңбек жолын қарапайым мұғалім ретінде бастаған. Бүгінгі таңда ол – тәжірибесі мол, өз ісінің шебері атанған, шәкірт жүрегіне жол таба білетін білікті педагог. Қазіргі уақытта Терісаққан орта мектебінде табысты қызмет атқарып келеді.

📗 Гүлназ Жауғаштықызы ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесінің арқасында көптеген шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Көркем сөздің құдіретін ұғындырып, әдеби кейіпкерлер арқылы оқушыларға өмірлік құндылықтарды дәріптейді.

📖Гүлназ Жауғаштықызы сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, әр оқушының қабілетін дамытуға ерекше мән береді. Нәтижесінде оның шәкірттері түрлі пәндік олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып, ұстаз еңбегінің жемісін көрсетіп жүр. Себебі нағыз ұстаздың басты жетістігі – оның шәкірттерінің жетістігі.

🔲Сонымен қатар, ол әріптестері арасында да жоғары беделге ие, үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашыл ұстаз. Әріптестері үшін сенімді серіктес, ал оқушылары үшін бағыт-бағдар беретін шамшырақ бола білген ұстаз.

📝Ұстаз еңбегі әрдайым елеусіз қалмайды. Гүлназ Жауғаштықызының жетістіктері соның айқын дәлелі. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, 2022 және 2024 жылдары облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарына, 2023 жылы «Аманат» партиясының Алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен олимпиадада Бас жүлдені жеңіп алды.

🖇️Ел болашағы – білімді ұрпақ десек, сол ұрпақты тәрбиелеп отырған Гүлназ Жауғаштықызы сынды ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Осындай ұлағатты ұстаздар – қоғамның тірегі, білімнің шамшырағы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности